ӘЛЕУМЕТ
Алматы облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді |
Ел аумағындағы пандемиялық ахуалға байланысты дәстүрлі түрде өтетін шерулер тоқтатылды, бірақ Ұлы Отан соғысы ардагерлері назардан тыс қалмады. Жеңіс күні облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласының ардагерлерін арнайы құттықтады. Біз - ардагерлерімізді ардақтайтын, қарттарымызды қадірлейтін халықпыз, - деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Айшықты сөздің айқын дәлелі ретінде, аймақ басшысы 1941 жылы Кеңестік армия қатарына шақырылып, 796 атқыштар полкіне жіберілген Михаил Барановтың шаңырағына арнайы ат басын бұрды. Михаил Васильевич I дәрежелі "Ұлы Отан соғысы" орденімен, жауынгерлік және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Амандық Баталов құттықтау сөзінде, Михаил Баранов Отанын қалтқысыз сүйіп, адал өмір сүрудің бірегей үлгісін көрсетіп, табандылығымен өскелең ұрпаққа үлгі болып жүргенін айтты. «Жеңіс үшін үлкен рақмет! Еліміздің жас буынын тәрбиелеуге қосқан үлесіңіз ерен. Біз сізбен мақтанамыз және өзіңізге қарап бой түзейміз»,-дейд... |
Толығырақ... Оқылды: 1626 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.05.2021 |
Тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару.⠀ |
Егер сіз үй иесі болсаңыз, тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеуден шығаруға мүмкіндігіңіз бар. Мұны екі жолмен жасауға болады:⠀ ⠀ eGov.kz порталы арқылы:⠀ 1. eGov.kz порталына кіріңіз;⠀ 2. Іздеу жүйесі арқылы "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" қызметін табыңыз;⠀ 3. Қызметті онлайн сұраңыз;⠀ 4. Мекенжай деректерін растаңыз;⠀ 5. Тіркеуден шығарғыңыз келетін адамды тіркелгендер тізімінен таңдаңыз;⠀ 6. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қойыңыз;⠀ 7. Қызмет нәтижелері порталдың жеке кабинетінде көрсетілетін болады.⠀ ⠀ Егер тұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар сіздің жеке кабинетіңіздегі әрекеттеріңізді растау керек;⠀ ⠀ ХҚО арқылы:⠀ 1. ХҚО-ға онлайн кезекке тапсырыс беріңіз және белгіленген уақыттан 20 минут бұрын келіңіз;⠀ 2. Операторға жазылып берілетін адамның ЖСН көрсетіп, қызметке өтініш жазыңыз;⠀ 3. Бес минуттан кейін адам тіркеуден шығарылады.⠀ ⠀ Қызметті ХҚО арқылы рәсімдеген кезде, сіз тіркеуден шығарыла... |
Толығырақ... Оқылды: 1986 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.05.2021 |
Жер кадастры бойынша қызметтер ХҚО арқылы қолжетімді |
2021 жылғы 30 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (МЖК ААЖ) техникалық ақау туындады. Соның салдарынан электронды түрде бірнеше мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмады. Қазіргі таңда eGov.kz порталында «Жер учаскелеріне актілер дайындау және беру», «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау», «Жобаланатын жер учаскесін МЖК ААЖ графикалық деректерімен келісу», «Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру», «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» қызметтері қолжетімсіз. Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін МЖК ААЖ сервистері өзгертіледі. Оған дейін жер кадастры бойынша барлық мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсынылады. Сервисті түрлендіру процесі аяқталғаннан кейін жер кадастры бойынша қызметтер eGov.kz арқылы қайтадан қолжетімді болады. Бүгінде клиенттерге қызмет алу үшін жер телімі орналасқан ауд... |
Толығырақ... Оқылды: 1953 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.05.2021 |
1400-ге жуық жетісулық қазақстандық вакцинаны салдырды |
«Qaz-COVID-In» отандық вакцинасының 4000 мың дозасы Алматы облысына жеткізілді. Аталған екпе мөлшері, 2000 адамды вакцинациялауға жетеді. Бүгінгі күні 1366 адам екпені қабылдап үлгерген. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында, аймақтың бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков мәлімдеді. Qaz-COVID-In (QazVac) вакцинасын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты әзірледі. Qaz-COVID - In-бұлшықет ішіне енгізуге арналған белсенділігі жойылған вакцина болып табылады. Құрамында тазартылған белсенді емес SARS-CoV-2 штаммы бар. «Екпе құрамында, жоғарыда атп өткендей SARS - CoV-2 вирусы бар. Ол химиялық реагентпен "өлтірілген", мұндай вакциналар жұмсақ, көтерілмейді. "Спутник V" векторлық вакцинасында вакцинаның бір бөлігі аденовирустарға отырғызылады, оған қарағанда, қазақстандық препаратта вирус толығымен жойылған күйде сақталады»,-дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірз... |
Толығырақ... Оқылды: 2006 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.05.2021 |
Ерекше қажеттіліктері бар жас кәсіпкер |
5,5 мың басқа арналған құс фермасын салып жатыр Алматы облысында ерекше қажеттіліктері бар кәсіпкер Айдар Маманов 5,5 мың басқа арналған құс фермасын ашуды жоспарлап отыр. Нысанның құрылысы ағымдағы жылы аяқталады. Айдар Маманов 29 жаста. Алакөл ауданының Қызылқайың ауылында дүниеге келген. Жоғары оқу орнын бітіріп, Талдықорғанда әскери қызметте болды. 2016 жылы жазатайым оқиға болып, Айдар бел омыртқасының жарақат алды. Алайда ол ауыр сынаққа төтеп беріп, жігерліне түсті. Отбасылық кәсіпті жалғастырып, одан ары кеңейтуге шешім қабылдады. «Жанұямыз бұрыннан құс шаруашылығымен айналысып келеді. Үй ауласында тауық, қаз және үйрек ұстап келгенбіз. Үйде бос отырмай, қолғабыс болып, отбасылық кәсіпті дөңгелетуді ойладым. Ата-анаммен ақылдастым. Шешімімді қолдады. Осылайша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жүгініп, кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы кеңес алдым. Істің қыр-сырын үйрену үшін «Бастау Бизнес» жобасына оқуға жазылдым», - деді ол. 2019 ж... |
Толығырақ... Оқылды: 2021 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.05.2021 |
«Қазіргі заманғы діни ахуал және зайырлы мемлекеттің қағидалары» |
Еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас, конфессиялар арасындағы өзара әрекеттестік, азаматтардың ар-ождан бостандығының деңгейі, дін саласын реттейтін қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы, азаматтардың дін саласындағы саясатқа қатынасы мен дін саласындағы ахуалды бағалауы сияқты көп қатпарлы өлшемдердің нәтижесінен құралады. Қоғамдық санада дін позицияларының күшеюі, негізінен оңды бағалануда. Алайда дәстүрлі емес діни табынулардың пайда болуын жұртшылық пен мемлекеттік органдардың көпшілігі ұлттық рухани мәдениетке нұқсан келтіру ретінде қабылдады. Қазақстанның діни бірлестіктері ішкі саяси тұрақтылықтың, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға орасан үлес қосуда. Бұл бәрінен бұрын Қазақстанның ең ірі діни конфессиялары – Мұсылмандардың діни басқармасы мен Орыс праволавие шіркеуіне қатысты. Олар жалпыадамзаттық құндылықтар мен гуманистік мұраттардың ақиқ... |
Толығырақ... Оқылды: 1997 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.05.2021 |
«Діни идеологиялардың қоғамды шырмауы» |
Ғылым мен технологиялардың қарқынды дамуы ақпараттық және медиакеңістіктің құрылымдарын күрделі ойындар алаңына айналдырды. Нәтижесінде, кез келген қоғамдық пікірдің қалыптасуына бүгінде ғаламторды пайдаланатын миллиондаған адамдардың белсенділігі ықпал етіп келеді. Ақпарат алмасудың әртүрлі заманауи тетіктерін шебер қолданатын деструктивті діни ағым идеологтары оқу, хат алмасу, бейне және аудио материалдар арқылы радикалды көзқарастарды таратуда. Мазмұны және ішкі мәні бірдей материалдар сан-алуан жолдармен, әрқилы формада ғаламтор пайдаланушылардың санасына құйылып келеді. Деструктивті және экстремистік топтар тарапынан жүргізіліп отырған кең көлемді насихат жұмыстарының мақсаты ортақ – әрбір шаңырақта өшпендiлiк пен алауыздық отын тұтату және қоғамдағы ауызбіршілікті жою, сол арқылы мемлекеттiң ұлттық қауіпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiріп, елдің конституциялық құрылысы мен аумағының тұтастығын бұзу. Дәстүрлі емес діни ұйымдардың идеологиялық және басқа... |
Толығырақ... Оқылды: 1986 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.05.2021 |
|
Толығырақ... Оқылды: 2014 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.05.2021 |
Еркін тыныс алыңыз - демікпе күні |
Мамыр айының бірінші сейсенбісі көптеген жылдар бойы Халықаралық демікпе күні болып саналады Шараның басты мақсаты - қоғам назарын осы маңызды мәселелерге аудару. Демікпе - тыныс алу жүйесінің ауруы, ол мезгіл-мезгіл ентігуді, тұншығуды, жөтелуді немесе алыстан естілген ысқырықты тудырады. Бұл науқастарды пульмонологтар, аллергологтар және жергілікті терапевтер емдейді. Демікпе кез-келген жаста болуы мүмкін. Бірақ көбінесе кішкентай балалар оған сезімтал болады - науқастардың жартысында ауру 10 жасқа дейін дамиды, ал 2 жасқа дейінгі балаларда демікпе диагнозын қою қиын - ол көбінесе басқа аурулардың атын жамылып жасырынады. Демікпе басталуы мен дамуының қауіпті факторларының қатарына: өмір сүру жағдайы, климат, жұмыс, тамақтану, тұқым қуалаушылық жатады. Сондықтан қолайсыз экологиялық жағдай, тамақ қоспаларын, синтетикалық материалдарды пайдалану, белсенді және пассивті темекі шегу, тұқым қуалаушылықты төмендету және планета тұрғындарының денсаулығының жалпы нашарлауы бронх... |
Толығырақ... Оқылды: 1892 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.05.2021 |
БІЛІМ ТӘРБИЕ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕДІ |
Қай ғасырда болмасын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Әсіресе, бала тәрбиесі. «Адамның бір қызығы бала деген…», «Баламды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім деп» Абай айтқандай, адам қашанда ұрпағымен қымбат. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген халық ұрпағының өсіп-жетілуіне, тәрбиесіне барынша жағдай жасауға тырысқан. Ал тәрбие, тал бесіктен емес, құрсақтан басталады. Оның себебі, болашақ ана баланы бесіктен емес, құрсақтан бастап тәрбиелеуі керек. Балаға деген мейірімі, сезімі, махаббаты ананың ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты – болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне, дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі білім тәрбие арқылы беріледі. Тәрбие жоқ жерде білім де жоқ. Тәрбие қаншалықты тереңде болса, б... |
Толығырақ... Оқылды: 1890 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2021 |