ӘЛЕУМЕТ

Өзін-өзі тану – өмірді тану

Ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.А.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек, қателеспейміз. Бұл пәннің негізгі мақсаты – адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру. Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы, оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ. Әлемдегі болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне өз әсерін, ықпалын тигізіп отыр. Бүгінгі күні білім саласымен бірге оқушының рухани-адамгершілік тәрбиесіне және ішкі жан дүниесіне де көңіл бөлінуде. Сондықтан, бұл бағытта «Өзін-өзі тану» пәнінің маңызы зор де...
Толығырақ... Оқылды: 1652 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2021

КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ

Қазақ халқының маңдайына біткен асыл да, ардақты перзенттерінің бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол өзінің ұстаздық ұлағатымен, ағартушылық көзқарастарымен педагогика тарихында мол мұра қалдырған Ұлы ұстаз. Əсіресе, педагогика саласында оның қосқан үлесі мен еңбегі шексіз орасан зор. Қазақ даласында алғаш мектеп ашып, оқулықтар жазып, өзі ашқан мектептерде ұстаздық қызмет атқарып, сабақ берді. Ұстаздық қызметінің алғашқы кезінен-ақ өнер-білімнің рөлін жоғары бағалап, қазақ мектептеріне арнап оқу құралдарын жазуды, оқушыларға тəлім тəрбие, білім беру əдістерін жасауды өз алдына бірінші міндет етіп қойды. Халқының болашағы үшін аянбай еңбек етіп, артына өшпес рухани мұра қалдырған қайталанбас тұлға туралы əр жылдары əр түрлі пікірлер айтылып жазылғаны белгілі. Барыңды бағалай білу ата-бабалардан қалған рухани мұраларды қалдырмай жинап, асылындай ардақтап, көзінің қарашағындай сақтап, ақыл таразысына тартқанда ғана, өткеннің дұрысы – өнеге, бұрысы – бүгінге сабақ болмақ. Халқы...
Толығырақ... Оқылды: 1627 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2021

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез - келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Функционалдық сауаттылық – оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда кедергілерді анықтау мақсатында өзіме «Оқушылардың оқуында қандай кедергі бар?», «Менің оқытуымда қандай кедергі бар?» деген екі сұрақты қойдым. Осы аталған кедергілерді болдырмау үшін оқу-жазу сауаттылығы, математикалық сауаттылығын басшылыққа алдым. Мақсат- міндеттер мен күтілетін нәтижелерді анықтадым. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ең алдымен үйден, отбасынан басталад...
Толығырақ... Оқылды: 1805 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2021

Ұстаздың жолы - ұлылық

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтып кеткендей, білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан бастау алары сөзсіз. Осы ұлағатты сөздің астарында білімділік те, ақылдылық та, мейірімділік те, зерделік те жатқан жоқ па? Кіршіксіз, пәк сезімді жас ұрпақты арман жолына жетелейтін де,білімнің қия шыңына көтеретін де ұстаз. Ендеше ұстаз білімнің отын жағып, бал-шырын нәрін шәкірт бойына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген мұғалім болу-адам бойындағы ұлы қасиет. Ол жүректің батырлығын да, сезімнің ақылдылығын да, мінездің жайлылығын да, білімнің байлығын да топтастырып, бір арнаға тоғыстыратын,бір сөзбен айтқанда ұстаз - асыл қасиеттердің жиынтығы. Осындай ұлағатты ұстаздарымыздың бірі -Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі «Ы.Алтынсарин төс белгісі» иегері, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сүлейменова Орынбасар Яхметқызы. Білім беру саласында өзіндік қолтаңбасы бар ардақты жанның бірі- ерен еңбегімен, кәсіби шеберл...
Толығырақ... Оқылды: 1601 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2021

Алматы облысында тұрғын үй кезегінде тұрғандардың бірыңғай базасы іске қосылды

Алматы облысында ақпараттық ашықтық пен айқындықты арттыру үшін Кезекте тұрғандардың бірыңғай базасы іске қосылды. Жақында кезекте тұрғандар өз кезектері туралы біліп, өздерінің наразылықтарын білдірген. Өз кезегінде ТҮКШ өкілдері барлық жағдайды түсіндіріп берді. Талдықорған қаласының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының мәліметтері бойынша облыс орталығында 14 567 адам үй кезегінде тұр. Бүгінгі күні аталған бағытта Бірыңғай Республикалық базасы енгізіліп, кейбір топтар біріктіріліп, кезектің жылжуы анағұрлым жақсармақ. - Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ақпарат және коммуникациялар Вице-министрі "мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы"сервистік бағдарламалық өнімін жобалауға арналған тапсырманы бекітті. Сервистік бағдарламалық өнім ақпараттық...
Толығырақ... Оқылды: 1933 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.04.2021

Білім саласындағы бастаманың елге берері қандай?

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «5 әлеуметтік бастама» әлі күнге өзектілігін жоғалтқан жоқ. Жалпы ел тұрғындарының хал-ахуалының жақсаруын көздеген жобаның бір тармағы білім саласын қамтып отыр. Бүгінгі күні ҚР Білім және Ғылым министірлігі «Қаржы орталығы» АҚ «білім беру саласындағы бес әлеуметтік жобаны» іске асыруда. Аталған бағыттағы жобаның негізгі тетіктері, нысаналы мемлекеттік тапсырысты орналастыру көздері шеңберінде студенттер жатақханаларын салу және қайта жөндеуден өткізу, жекеменшік мектептер құрылысы, білім беру жинақ шотын жасақтау, ЖОО-да оқу үшін несиеге кепілдік беру, болып табылады. Елбасы тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда республиканың барлық аймақтарында жоғары сапалы «Студенттер үйі» салынып басталды. Бұл ретте Алматы облысы алғашқылардың бірі болып, берілген тапсырманы нәтижелі орындаған аймақтардың қатарында сап түзеп тұрғанын атап өткен жөн. Дәл осылай әлеуметтік бастаманың аясында Алматы, Шымк...
Толығырақ... Оқылды: 1862 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.04.2021

Елбасы ҚХА төрағасы қызметінен кетті

"Мен ҚХА-ны басқару құқығын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беруге шешім қабылдадым», - деді Назарбаев. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы қызметінен кетті. ҚХА жаңа төрағасы болып Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды. «Ассамблеяның барлық мүшесіне мені осы уақытқа дейін қолдағаны үшін алғыс айтамын. Бұл мен үшін маңызды болды. Маған ҚХА-ны өмір бойы басқару құқығы берілгені белгілі. Мен әрдайым сіздермен біргемін және одан бас тартпаймын. Бұл ретте еліміздің Президентіне бірқатар өкілеттік берілген. Яғни, барлық мәселені бір адам шешуі тиіс. Мен ҚХА-ны басқару құқығын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беруге шешім қабылдадым», – деді Назарбаев. Елордада Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты XXIX сессиясы өтіп жатыр.
Толығырақ... Оқылды: 1853 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.04.2021

"Ана Үйі" қоғамдык қоры

Қайырлы күн! Талдықорған қаласындағы "Ана Үйі" қоғамдык қоры қиын жағдайға тап болған және баладан бас тартуға ниет білдірген, 18 айға дейінгі баласымен немесе жуктіліктің 3-ші триместріндегі 30 жасқа дейінгі қыздарға көмек көрсетуде. Көмектің түрлері ; 6 айға дейін Ана Үйінде тұру, психологиялық қолдау, медециналық көмек көрсету, кажетті құжаттарды қалпына келтіру, жәрдемақы рәсімдеу, іс-тәжірибеден өту, жұмысқа орналасуға көмек беру. Қоңырау шалу тегін; 8 800 080 77 71
Толығырақ... Оқылды: 1785 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.04.2021

Алматы облыстық мәслихат депутаттары 44 сауал жолдады

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқанының қорытындысы бойынша Алматы облысы аймағынан 360 адам депутаттыққа сайланды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпарттық алаңында мәлім болды. «Мекеменің алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспары төңірегінде 8 бірдей сессия өткізу жоспарланып отыр. Аталмыш сессиялардың барлығы биылғы жылдың соңына дейін іске асырылмақ. Бүгінгі күнге дейін 3 кезекті, 1 кезектен тыс сессия ойдағыдай өтіп, маңызды деп саналатын 28 шешім шығарылды. Негізінен облыстық мәслихатта 6 тұрақты комиссия тұрғын-үй, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария, экономика, индустриялық-инновациялық мәслелелермен, денсулық сақтау және дін істері бойынша қатынастарды ретке келтірумен айналысады»,- деді Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаев. 1-ші тоқсан қорытындысы аясында 360 депутат қабылдау өткізіп, 693 адамды қабылдады. Қабылдауда жолданған сұрақтардан 391...
Толығырақ... Оқылды: 1904 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.04.2021

Алматы облысында «Egov - жаршысы» жобасы қарқынды жұмыс жасауда

«Egov - жаршысы» жобасы Республика бойынша алғаш болып Алматы облысында жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды. Аталмыш жоба төңірегінде мемлекеттік қызметтердің 87%-ға жуығы электронды іске асатын болса, ал қалған 106 қызмет түрі ХҚКО арқылы қағаз жүзінде көрсетілуде. Бүгінде облыс бойынша 2111 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылды. Нақтырақ айтсақ, оның 393-і ауылдық әкімдіктердің ғимараттарына орналастырылған. Жобаның нысаналы міндеті облыс халқының 80% - дан астамын ЭЦҚ кілті мен мемлекеттік қызмет түрлерін электрондық форматта алуға дағдыландыру. Жоғарыда атап өткен қызмет барысын насихаттау мен жіті түсіндіруде басты назарға алынған. «Жұмыс барысында жақсы көрсеткіш көрсетіп, атсалысқан еріктілердің қызметін бағалаумен ынталандыру мақсатында байқау ұйымдастырылады. Жүлде қоры 1-орын 200000 теңге; 2-орын 150000 теңге; 3-орын 100000 теңге; 50 адамға 10000 теңгеден көтермелеу сыйлықтарын беру көзд...
Толығырақ... Оқылды: 1899 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.04.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.