ӘЛЕУМЕТ

1 769 астам ипотекалық қарыз алушыға 15,7 млрд теңгеге көмек көрсетілді

2020 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының үшінші блогын іске асыруда. 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1 769 қарыз алушыға 15,7 млрд теңге сомаға қосымша көмек көрсетілді. Бағдарламаның үшінші бөлігінің барлық шығысын өтеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 44,6 млрд теңге бөлді. Ипотекалық қарыз алушыларға 2021 жылғы 1 шілдеге дейін көмек көрсетіледі. Қолдау көрсету үшін шамамен 8 мың азаматты қамту жоспарланып отыр. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келетін және қарыздарын өтеу үшін қиындық туындап отырған қарыз алушылар Бағдарламаның үшінші бөлігін қолдану аяқталғанға дейін борыш жүктемесін азайту үшін кредитор банктерге жүгінуі қажет. Банктерге қарыз алушының қаржылық және әлеуметтік жағдайын талдау негізінде негізгі борышты азайту, қарыз алу...
Толығырақ... Оқылды: 1893 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.04.2021

Жүкті әйелдер не білуі керек: бірінші емделуден бастап босануға дейін

Жүкті әйелдер МӘМС жүйесінде азаматтардың жеңілдікке ие санаты ретінде сақтандырылғандықтан, қымбат диагностикалық зерттеулер мен тегін медициналық көмектің толық пакетін алуға құқылы. Жүкті әйелдер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызмет алу үшін жүктіліктің он екі аптасына дейін өзі тіркелген емханаға медициналық есепке тұруға міндетті. Аяғы ауыр әйел жүктілігін сақтағысы келіп, емханаға бірінші рет жүгінген кезде акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелік дәрігер (бұдан әрі - ЖТД) немесе алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының учаскелік терапевті: анамнезді жинайды, жүкті әйелде және туыстарында аурулардың болуын, туа біткен даму кемістіктері және тұқым қуалайтын аурулары бар анықтайды; алғаш келген кезде әйел анализдерін зерттеулерге жіберіледі. Екінші рет қаралу, әдетте, жүктіліктің 16-20 аптасында тағайындалады. Акушерлік тексеру, ақуызға зәр анализі және екінш...
Толығырақ... Оқылды: 1869 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.04.2021

ХАЛЫҚ САНАҒЫ

2021 жылғы қыркүйек-қазан айларында ҚР Ұлттық халық санағы өткізіледі. Соған орай жұмыста пайдалану үшін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы әзірлеген брендбук жолданды.
Толығырақ... Оқылды: 1949 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.04.2021

Өрт қауіпті кезең

Көктем келді, жүздеген демалушылар табиғатқа шығады. Алайда адамдардың абайсыздығы мен немқұрайлылығы кейде жойқын өртке айналады. ▫️ Өрттердің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес:- ғимараттар, құрылыстар мен ашық қоймалар арасындағы өртке қарсы қашықтық шегінде елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, сондай - ақ тұрғын үйлерге, саяжай және өзге де құрылыстарға іргелес учаскелер жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, ыдыстардан, түскен жапырақтардан, құрғақ шөптерден уақтылы тазартылады; - қызметі дала, орман және Тоғай алқаптарында жүзеге асырылатын ұйымдардың басшылары өздеріне сеніп тапсырылған аумақта өрттің пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды; - автомобиль және темір жолдар бойындағы орман екпелерін жыртуды периметрі бойынша-дала массивтері ведомстволық тиістілігіне және меншік нысанына қарамастан, жер телімдерінің шекаралары бойынша ені кемінде 4 метр жолақпен жыртылады. ▪️Өрттерді болдырмау мақсатында табиғатта болған кезде жанып жатқан сі...
Толығырақ... Оқылды: 2075 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.04.2021

Көксу ауданының ХҚО-ғы алдын ала брондау бойынша қызмет көрсетеді.

Аталған шараға түсіністікпен қарауыңызды және шұғыл қажеттіліксіз ХҚО-ға бармауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын eGov.kz порталынан және eGov mobile мобильдік қосымшасында алуға болатынын еске саламыз! Алдын ала брондау жасау өте оңай: egov.kz порталында, egov mobile қосымшасына, egovkzbot2.0 (@kenes1414bot) телеграм-боты арқылы, сондай-ақ 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, жеке деректерді, өңірді, ХҚО бөлімін, баратын күні мен уақытты көрсету қажет. Біз дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейміз ( сенбі күні қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді) Отбасыңызға және өз денсаулығыңызға сақ болыңыз!
Толығырақ... Оқылды: 2131 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2021

"Сотталғандығы болуы немесе болмауы туралы" анықтаманы үйден шықпай-ақ алуға болады

1. Телеграм-бот @kenes1414bot Көрсетілетін қызметтер > сот жұмысы > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама > смс-тен растау кодын енгізу > анықтама телеграмға хабарламамен келеді 2. EGov mobile мобильді қосымшасы Қызметтер > жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама > қызметке тапсырыс беру > қол қою > анықтама хабарламаларға түседі 3. Портал арқылы eGov.kz Қызметтер > жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру > қызметке онлайн тапсырыс беру > қол қою > анықтаманы алу үшін 5-10 минуттан кейін жаңарту
Толығырақ... Оқылды: 1844 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2021

АУЫЛДЫҚ СЕРВИСТІК ӘКІМДІКТЕРДІ АШУ – ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ

Бүгін Қапшағай қаласының Шеңгелді ауылдық округінде кезекті ауылдық сервистік әкімдік ашылды. Орталықтың ашылуына Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж.Тұяқов, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Е.Мақажанов және Қапшағай қаласының әкімі Н. Құматаев қатысты. Еске сала кетсек, өткен жылы Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жариялаған болатын. Осы тұжырымдамаға сәйкес, азаматтар билік өкілдеріне тікелей жолдап, толғандыратын сұрақтарға уақтылы жауап алуы үшін мемлекеттік органдарда бюрократиялық кедергілер болмауы тиіс. Осы тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл Агенттігі «Jetisy-adaldyq alańy» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба шеңберінде мемлекеттік органдарды трансформациялауды ілгерілетіп, оларды жұмыстың сервистік моделіне көшіруде. «Сервистік әкімдік» мемлекеттік органдар жұмысының Open space форматындағы тиімді үйлесімі болып табылады,...
Толығырақ... Оқылды: 1854 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2021

Алматы облысында 5 мыңға жуық кәсіпкер сервистік қызмет алды

2021 жылдың басынан бастап Алматы облысында 5 мыңға жуық кәсіпкер бизнесті ашу және жүргізу бойынша сервистік қызметтер мен кеңестер алды. Кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде Кәсіпкерлеріге қызмет көрсету орталықтары арқылы ақысыз негізде қаржылай емес қолдау көрсетілді. Осы жылдың І тоқсанында өңірдің 635 кәсіпкеріне 637 сервистік қызмет көрсетілген, сондай-ақ 4249 кәсіпкер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғынға 4320 консультациялық қызмет берілген. «Негізінен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер ЖК, ЖШС тіркеу немесе қайта тіркеу, бизнес-жоспарды әзірлеу, бухгалтерлік-салықтық есептерді тапсыру сияқты қызметтерге жүгінеді. Аталған кезеңде Кәсіпкерлер палатасының менеджерлері жалпы сомасы 5,9 млрд теңгеге 188 бизнес-жоспар әзірледі. Оның ішінде 1,5 млрд теңгенің 32 жобасы жүзеге асырылды», - деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов. Кәсіпкерлер үшін барлық қажетті қызметтер өтеусіз болып та...
Толығырақ... Оқылды: 1810 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2021

«Логопед-мұғалімнің тәжірибелік әрекетінде заманауи логопедиялық технологияларды қолдану»

Аудандық білім бөлімі әдіскері Мұратқызы Малтаева Анаржәне педагог-логопедтер ассоциация жетекшісі Балғынбаева Айжан Сәулебайқызының ұйымдастыруымен «Логопед-мұғалімнің тәжірибелік әрекетінде заманауи логопедиялық технологияларды қолдану» атты тақырыбында педагог-логопед жас мамандармен вебинар өтті.Вебинар инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, еңбектенуге көз қарастарын қалыптастыру және көмектесу арқылы тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. Тәжірибелі мамандардың жас мамандарға берері мол.Педагогикалық санада адамның дамуы, әлеуметтенуінің оның білім алу процесі ретінде тұрақты жүйеге түскен. Сондықтан, әртүрлі жағдайда, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру керек болған жағдайда және әртүрлі жас кезеңдерінде педагогикалық әрекеттерді оңтайландыру жолдарын іздеу ешқашан тоқталмайды.Түзету – педагогикалық процестегі арнайы білім беру принциптеріне сәйкес әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ерек...
Толығырақ... Оқылды: 1995 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.04.2021

Коронавирустық инфекциядан кейін оңалтудан өтуді қалаймын. Ол үшін не істеу керек?

Ең алдымен, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. Емханадағы дәрігер оңалту дәрігерінің немесе мультидисциплинарлық топтың Кеңесіне жолдама береді, олар жағдайды бағалайды және қалпына келтіру шараларының қажетті курсын таңдайды. Олар тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынуларды азайтуға, өмір сүру сапасын арттыруға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған. Көрсетілімдер болған кезде оңалтудан үйде емделген және медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар да өте алады. Олар үшін әрекеттер алгоритмі бірдей. Айта кету керек, медициналық оңалту функционалдық бұзылу дәрежесіне байланысты стационарлық және амбулаториялық жағдайда да жүргізілуі мүмкін. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы
Толығырақ... Оқылды: 1817 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.04.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.