ӘЛЕУМЕТ

Өңірдегі күре жолдардан 1292 технологиялық ақау анықталды

« Жол азабын жүрген білер». Бұл ықылымнан бері айтылып келе жатқан нақыл сөз. Азапты жолдар жоқ емес-ау. Бірақ қарасы да көп емес. Жолдың жайы туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-маслихатында айтылды. Қарашаны қайран қалдыратын осы «бір жолдардың тақтайдай тегіс болуына не кедергі?» деген сауалдың жауабы табылған сыңайлы. Жиын барысында жол құрлыс материалдарының арнайы сынамадан өтпегендігі, яки талапқа сай болмағандығы тілге тиек етілді. Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК (республикалық мемлекеттік кәсіпорын) Алматы облыстық филиалының директоры Жасұлан Керімқұлов мәлімдеді. Темір тұлпар жүйіткей жөнелетін трассаның кем-кетігін бақылайтын мекеме- «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып табылады. Аталмыш мекеменің Алматы облыстық филиалындағы мамандар еліміздегі карантинге, тіпті демалыс күндеріне қарамастан тексеру жұмыстарын жүргізуде. Ола...
Толығырақ... Оқылды: 460 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2020

Алматы облысында 6 колледж жұмысын уақытша тоқтатты

Алматы облысында, бүгінгі таңда 15 колледж 28 мамандық пен 31 біліктілік бойынша лицензиялық тіркемелерін өз еркімен қайтарып берді. 2 колледж өз міндетін тоқтату жайлы шешім қабылдаса, ал 6 колледждің жұмысы уақытша тоқтап тұр. Бұл туралы Алматы облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментінің басшысы Сауле Кабимолдаева. Одан бөлек 2020 жылы Алматы облысында профилактикалық бақылаудан 29 мектеп өткен. Лицензиялау мәселесімен 254 өтініш қабылданды, оның – 55-і қайтарылды. «Апостильдеу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Жылдың басынан бұл қызмет республиканың 224 азаматына көрсетілді. 216 құжат бойынша оң шешім қабылданды, оның ішінде, 55-жоғары білім, 24-кәсіптік білім, 123-жалпы орта білім саласында, 14-оқу туралы анықтама. 8 құжатты апостильдеу жоққа шығарылды», – деді Сауле Кабимолдаева. COVID-19 індетінің таралуы бүкіл салаларға...
Толығырақ... Оқылды: 442 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2020

Айнабұлақ ауылының тұрғындары жаңадан салынған амбулаторияда емделеді.

Түрксіб пен Сібірді түйістірген ауылда заманауи үлгідегі дәрігерлік амбулатория Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді. Мұнда ауылдықтар үшін скринингтік тексерулер мен түрлі медициналық қызметтер қолжетімді. Емдеу мекемесі көрші елді мекенінің халқына да қызмет көрсетеді. Тұрғындар қуанышына аудан әкімі Алмас ӘДІЛ ортақтасты. «Бұл Түрксіб-Сібір теміржолының 90 жылдығана орай жасаған үлкен тартуымыз. Президентіміз биыл пандемияға байланысты денсаулық сақтау мәселесіне үлкен мән беріп, еліміздің барлық аумағында медициналық қызмет сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыру жөнінде тапсырма берген болатын. Міне, бүгін мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындап, денсаулық сақтау нысанын халыққа қызмет ету үшін беріп отырмыз. Тек биылдың өзінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында білікті дәрігер Бақытгүл Жандарбекова басшылық жасайтын Алғабас...
Толығырақ... Оқылды: 488 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.11.2020

Алматы облысы заман ағымына ілесіп келеді

Цифрлық технологияны қолдану арқылы елдің әрбір азаматының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған «Цифрлық Қазақстан» кешенді мемлекеттік бағдарламасы аясында Талдықорған қаласында көтепген жобалар іске асуда. Олардың бірі «Ақылды Талдықорған» жобасы. Бұл сізге үйден шықпай-ақ, қажетті ақпаратты алуға және келесі бағыттар бойынша өтініштер жасауға мүмкіндік береді: қалалық бағыттар, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, коммерциялық қызметтер, туризм, сондай-ақ Open Taldyqorgan атты ашық әкімшілікке кезек алуға арналған. «109 қызметі» жобасы - апаттық емес өтініштер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша ұсыныстарды қарастырады. «E-KSK» - арқылы облыс орталығының тұрғындары электронды түрде тұрғын үйіңізді, шығындар сметасын, шағымдар мен хабарландыруларыңызды қадағалай аласыз. «Smart volunteer» - еріктілердің бір-бірімен, сонымен қатар көмекке мұқтаж адамдармен қарым-қатынасы ыңға...
Толығырақ... Оқылды: 462 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.11.2020

«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – АДАМДЫҚ ПЕН БІЛІМ ДИҚАНШЫСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті. Мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым, түрколог, ақын және аудармашы – бұл Ахмет Байтұрсынұлы. Ол алдына қазақ балаларына білім беруге бар күшін салу ізгі мақсатын қояды. «Басқадан кем болмау үшін, біз білімді және бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек», – деді ол. Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық қызметінің басты мақсаты –өскелең ұрпақты шыншыл және еңбексүйгіш, Отанына адал, елінің ең жақсы дәстүрлерін жалғастыруға дайын етіп өсіру және тәрбиелеу болды. Өз еңбектерінде былай деген: «Жастар халықтың жақсы болашағының үміті. Жас ұрпақ жаңаша оқыған мұғалімнің қолында болуы керек, оларда тың ойлар мен білімдер бар». А. Байтұрсынұлы өз шығармаларында жастарға жүгіне отырып, өзін-өзі...
Толығырақ... Оқылды: 467 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2020

0,4% – Алматы облысындағы COVID-19 індетінің тәуліктік өсу қарқыны

Алматы облысында коронавирус инфекциясының өсу қарқыны тәулігіне 0,4% құрады. Бұл туралы облыстың бас дәрігері «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында мәлімдеді. Қазіргі уақытта инфекциялық стационардың 1-деңгейдегі жүктемесі - 32,3% құрап отыр. 2- деңгейдегі стационардың жүктемесі – 28,5%. Жалпы пандемиямен күреске жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа 8,9 млрд. теңге бөлінді. «Облыстың ауруханаларда 534 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Оның 119-ы республикалық бюджет есебінен, 172 бірлік жергілікті бюджеттен 2,2 млрд.теңгеге сатып алынды. Бүгінгі таңда медициналық ұйымдар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ»,– деді Өмірзақ Ниязбеков. Айта кетейік, науқастарды емдеу үшін 3455 медицина қызметкері, оның ішінде 851 дәрігер жұмылдырылды. Одан бөлек ЖОО-ның 45 түлегі, 281 медициналық колледждің түлектері мен зейнеткер- дәрігерлер де науқастарға консультативтік көмек көрсететін болады.
Толығырақ... Оқылды: 489 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарт Алматы облысында енгізілуде

Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құралдардың бірі ISO 37001:2016 "Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі" халықаралық стандарты болып табылады. Стандарт ұйымдарға халықаралық деңгейде мойындауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгізген кез келген ұйым "Парасатты компания" мәртебесін алады. ISO 37001 стандартының өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша озық халықаралық практика негізінде әзірленіп, 2016 жылғы 15 қазанда Халықаралық стандарттау ұйымымен (ISO) жарияланған. Стандарт талаптарды белгілейді және ұйым ішінде парақорлықпен күрес жүйесін құру, енгізу, қолдау және жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтиды. Әлемдегі ең ірі компаниялар осы стандарт бойынша халықаралық сертификаттауға ие (Microsoft, Walmart, Sberbank және т.б.). Мемлекеттік сектор ұйымдары да осы стандартты енгізуге тырысады. Мысалы, Украинаның сыбайлас же...
Толығырақ... Оқылды: 529 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.11.2020

"Гаджиев" шаруа қожалығындағы кездесу

Бүгін яғни қарашаның жиырма төртінші жұлдызы «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов Теректі ауылы, "Гаджиев" шаруа қожалығының еңбек ұжымымен кездесіп қайтты. Ондағы басты мақсат қызметкерлердің жалақысын төлеу бойынша әлеуметтік пакет мәселелері жайында білу еді. Аталған шаруа қожалығының иесі өзінің қызметкерлеріне тиісті жалақыларын уақытылы әрі тұрақты түрде төлеп отырғанын айтты. Оның бұл сөзін ұжым мүшелері де растап берді. Бұдан бөлек Мәлік Аманбайұлы шаруашылықтың жұмыс барысымен де танысты.
Толығырақ... Оқылды: 263 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.11.2020

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Қарашаның жиырма үші күні партиялық бақылау комиссиясының мүшелері үкіметтік емес ұйымның өкілдерімен кездесті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов пен партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Мадина Кубиева, үкіметтік емес ұйымның жетекшілері мен ауданның Жастар орталығының жетекшісі Қуаныш Дүйсембаев және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруындағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі" атты тақырып талқыланды. Жиынды Мәлік Аманбайұлы ашып, жүргізіп отырды. Алғаш болып сөз сөйлеген Мадина Кубиева үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы мен еліміздің қоғамдық саяси өмірі жайында баяндады. Ол өз баяндамасында: "Құрметті партиялық бақылау комиссиясына қатысушылар! Бүгінгі менің сіздермен партиялық бақылау комиссиясының отырысы аса маңызды іс-шаралардың бірі деп санаймын. «Nur Otan» партиясы өзінің іс-шара жоспарында үкіметтік емес ұйым басшыларымен кездесіп...
Толығырақ... Оқылды: 255 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.11.2020

Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзарту

Қайырлы күн оқырман! Әдеттегідей, аптаны парақшамыздың #oqy&toqy айдарынан бастаймыз. Бүгін біз Қандас мәртебесін ХҚО арқылы алу жолын айтып береміз. Ондай болса, іске сәт:
Толығырақ... Оқылды: 244 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.11.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.