ЖАҢАЛЫҚТАР
Өлмейтін өнеге |
Ағaштaн бұйым жacауды жaңғыpтып, қaзaқтың өнepiн дaмытқан қoлөнep шeбepлepi бүгінде көп. Coлардың бiрi – жетісулық Алпысбай Ахметов. Алты қыздың әкесі өз ісінің майталманы. Жас ұрпаққа білгенімен бөлісіп, ұлттық өнерді ұлылығымыздың белгісі етуде. Алпысбай Ахметовтың мамандығы – агроном. Өмір иірімі ұстаздық қызметке жетелепті. Сарқан ауданындағы Мұқан Төлебаев атындағы орта мектебінде еңбек пәнінен 30 жылға жуық сабақ беріпті. Отын ағаштан оқтық мүсін жасаған шебер. Ағаш жонуға он жасынан құмартқан. О баста әжесіне сүт құятын қасық, атасына тостаған жасап берген. Кейін келе-келе қолынан түрлі бұйым, сыйлық-кәделер шығыпты. Сан алуан, әрбірін қазақы оюмен айшықтай түскен. Әр бұйымының өзіндік мәні бар. Түптеп келгенде: еркіндік, махаббат, береке-бірлікті, елге-жерге сүйіспеншілікті насихаттайды. Мәселен, бір ағаштың діңгегінен бөлмей-жармай жонып шыққан астаулары ағайынның ауызбірлігін меңзейді. – Бұл өнімсіз еңбек қой. Асықпай баппен жасамасаң, бүлдіріп қоясың.... |
Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.04.2025 |
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы |
Қазақстанда мүгедектігі бар 737 мыңнан астам адам тұрады. Әлеуметтік қолдау және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын мүгедектігі бар 737,4 мың адамның 415,9 мыңы еңбекке қабілетті жастағы (56,4%), 206,8 мыңы зейнеткерлік жастағы (28,0%) азаматтар болса, 114,7 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар (15,6%). Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда мемлекеттік көмек және жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі қолдау; әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді. Мүгедектігі бар адамдардың медициналық көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, мемлекеттік бюджет қаражаты е... |
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.04.2025 |
Президент: |
«Әр жылдары елімізде түрлі диалог алаңдары мен қоғамдық органдар құрылды. Алайда бүгінгі мерейтойлық жиында Ассамблеяның қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыру мен ұлттық бірегейлікті бекіту ісінде баламасы жоқ басты платформаға айналғанын және алдағы уақытта да солай болып қала беретінін атап өткім келеді. Ассамблея – мемлекеттігімізге арқау болған аса маңызды құрылым. Бұл – Ассамблеяға артылатын жүктің салмағы да жеңіл емес деген сөз. Ұлттық мүдделерімізді қорғап, егемендігімізді нығайту – қастерлі парыз. Мұны Ассамблея мүшелері терең сезінеді деп ойлаймын. Ассамблея барша азаматтарды ортақ құндылықтар мен мақсаттарға жұмылдыратын жалпыхалықтық орган ретінде жұмыс істеуі керек. Басты міндет – Қазақстан халқының татулығы мен ауызбіршілігін, мемлекетіміздің тұтастығы мен киелі Тәуелсіздігімізді нығайту. Алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Біз болашақта да осы бағытта нақты шаралар қабылдаймыз. Мен 2022 жылы Ассамблеяны дамыту тұжырымдамасын бекітті... |
Толығырақ... Оқылды: 85 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.04.2025 |
Мемлекет басшысы: |
«Ассамблея қоғамда кәсібилік және еңбекқорлық құндылықтарын дәріптеуге белсене атсалысып келеді. Александр Папп Ассамблеяның Жұмысшы мамандықтары жылын өткізуге белсене кіріскенін атап өтті. Өткен жылы Еңбек күнінде Сенат пен Мәслихат депутаттары Ассамблея мүшелерімен бірге еліміздің ірі кәсіпорындарына барып, өндіріс ардагерлеріне құрмет көрсетті. Бұл бастаманы Еңбек күнін атап өтудің жаңа дәстүрі ретінде биыл да жалғастыруға болады. Осылайша, ҚХА бүгінде қоғамдық келісімнің бірегей инфрақұрылымын қалыптастырған қуатты тармақтары бар институтқа айналды. Жер жүзінде мұндай бірегей ұйым құра білген мемлекет кемде-кем. Ассамблеяның арқасында еліміздегі барлық этностар Қазақстандағы оң өзгерістердің бел ортасында жүр. Қазақстанның Еңбек Ерлері Георгий Прокоп, Владимир Розметов, Юрий Пя, Иван Сауэр, Борис Князев, Алина Соловьёва, Вадим Басин, Александр Хмелёв, Геннадий Зенченко және басқа да тұлғаларды азаматтық жауапкершілік пен Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі... |
Толығырақ... Оқылды: 98 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.04.2025 |
Қасым-Жомарт Тоқаев: |
«ҚХА мүшелері күн сайын көзге көрінбейтін, бірден нәтиже бермейтін, алайда ұзақ мерзімді, стратегиялық тұрғыдан тиімді, ауқымды жұмыс жүргізеді. Өткен жылдың өзінде Ассамблея барлық өңірде 15 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырды. Оған 1 миллионға жуық адам қатысты. Былтыр көктемгі су тасқыны кезінде азаматтарымыз зардап шеккен жандарға көмек қолын созып, ырысты ынтымақ пен бірліктің тамаша үлгісін көрсетті. Ассамблеяның «Жүректен жүрекке» жобасы аясында 12 мыңнан астам ерікті ортақ іске жұмыла кірісті. Олар гуманитарлық көмек пен жылу жинады. Қираған үйлерді қалпына келтіруге атсалысты. Жалпы, ел бірлігін нығайту ісінің стратегиялық маңызы ерекше. Соның айқын дәлелі ретінде Ассамблеяның «Ел бірлігі» ордені атты жаңа мемлекеттік награда тағайындалды. «Бірлік» ұғымы қазіргі дүние жүзіндегі тұрақсыз жағдайда аса маңызды. Әлемде, әсіресе, біздің айналамыздағы кейбір елдерде не болып жатқанына бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан шын мәнінде, &l... |
Толығырақ... Оқылды: 83 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.04.2025 |
Президент: |
«Бүгін әріптесіміз Ахмед Мурадов және басқа да Ассамблея мүшелері ҚХА ардагерлерінің «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысатынын айтты. Мұндай жұмыстар ұлтымыздың жаңа болмысын қалыптастыруда Ассамблеяның әлеуетін кеңінен қолдануға мүмкіндік беретініне сенімдімін. «Ассамблея жастары» ұйымы мен оның құрамындағы Студенттік Ассамблея, Жас ғалымдар клубы, «Жаңа толқын» жобасы сияқты құрылымдар мыңдаған жастарымыз үшін нағыз бірлік пен ынтымақ, отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік мектебіне айналды. Осы қозғалыстардың әрқайсысы елімізде жаңа қоғамдық этиканы орнықтырып, «Адал азамат» қағидатын насихаттауға елеулі үлес қосып жатыр. Этносаралық түсініспеушіліктердің алдын алуда маңызды рөл атқаратын ҚХА-ның этномедиция институтына тоқталғым келеді. Соңғы уақытта Ассамблея қызметіндегі сарапшылық құрамның сапасы жаңа деңгейге көтерілді. Ғылыми-сарапшылар кеңесі мен 42 Ассамбле... |
Толығырақ... Оқылды: 93 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.04.2025 |
Мемлекет басшысы: |
«Ассамблея қоғамдық ұйымдармен және институттармен тығыз байланыста жұмыс істеп, еліміздің ішкі саясатын жүзеге асыруға белсене атсалысып келеді. Осылайша, мемлекет пен қоғам арасында сындарлы әрі жемісті диалог орнатуға ықпал етуде. Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 мүшесі Ұлттық құрылтай құрамында табысты еңбек етіп, елдік бастамаларға өз үлесін қосып жатыр. Ассамблея сессиясы жыл сайын өтеді. Онда қабылданған шешімдерді мемлекеттік органдар міндетті түрде ескеруге тиіс. Сессиялар аралығындағы жұмысты Ассамблея кеңесі атқарады. Оның құрамына этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер мен әкімдер кіреді. ҚХА Хатшылығы Президент Әкімшілігінің дербес құрылымдық бөлімі саналады. Барлық өңірде Достық үйі бар. Онда мыңнан астам этномәдени бірлестіктер орналасқан. Сондай-ақ облыс әкімдіктерінде «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемелері құрылды. Ассамблея құрылымында төрт мыңнан астам қоғамдық ұйым жұмыс істейді... |
Толығырақ... Оқылды: 85 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.04.2025 |
Қасым-Жомарт Тоқаев: |
«Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Баршаңызға құтты болсын! Бұл – бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты. Ассамблея тарихы еліміздің егемендік жылнамасымен тығыз астасып жатыр. Ұйым 1995 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын білесіздер. Бұл бастама қазақ мемлекеттілігі қалыптасып жатқан қиын кезеңде терең саяси мәнге ие болды. Консультативтік-кеңестік орган ретінде жасақталған Ассамблеяға 2007 жылы конституциялық мәртебе берілді. Ұйым жалпыұлттық бірліктің негізгі моделіне айналды. Елімізде соңғы жылдары атқ... |
Толығырақ... Оқылды: 75 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.04.2025 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Жетісу облысында жүйелі шаралар қабылданып жатыр |
Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің І тоқсанындағы жұмысы қорытындыланды. Департамент басшысы Саян Ахметжанов өз баяндамасында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі басымдығы – алдын алу шараларын күшейту екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар өңір бойынша халықтың мүддесі үшін маңызды салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған. Жұмыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы негізінде жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста жүргізілуде. Атап айтқанда, бірінші тоқсанда тәуекелдер картасындағы 9 саланың 6-ы қамтылып, нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Экология бағытында кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге қарсы бірлескен бұйрық шеңберінде бірқатар шаралар қабылданды. Ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысы бойынша 4 млн теңгеге 19 әкімшілік айыппұл салынса, Ақсу ауданында 50 тонна сары топырақты заңсыз өндіру фактісі бойынша заңды тұлғаға хаттама толтырылды. Білім бе... |
Толығырақ... Оқылды: 80 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.04.2025 |
Жетісу облысында балық аулауға тыйым салу мерзімдері жарияланды |
Жетісу облысында көктемгі уылдырық шашу кезеңіне байланысты балық аулауға уақытша тыйым салу тәртібі мен мерзімдері туралы баспасөз мәслихаты өтті. Шара барысында Балқаш-Алакөл бассейніндегі су айдындарында балық ресурстарын сақтау бойынша қабылданған шаралар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Балық ресурстарының табиғи көбеюіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жыл сайын көктем мезгілінде уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынады. 2025 жылы келесі мерзімдерде балық аулауға тыйым салынады: • Іле өзенінің жоғарғы ағысында (Шарын өзенінің сағасынан ҚХР шекарасына дейін) – 25 наурыздан 5 шілдеге дейін. • Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендері мен Балқаш көліне құятын басқа да өзендерде – 15 сәуірден 1 маусымға дейін. • Балқаш көлінің өзінде – 25 сәуірден 10 маусымға дейін. • Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдері және олармен байланысты өзендер мен шығанақтарда – 25 сәуірден 16 маусымға дейін. Заңға сәйкес, табиғи-климаттық жағдайл... |
Толығырақ... Оқылды: 79 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.04.2025 |