ЖАҢАЛЫҚТАР
Көксу ауданында қылмыс деңгейі 16%-ға төмендеді |
2024 жылы құқықбұзушылық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға азайып, 200-ден 168-ге дейін төмендеді. Қылмыстардың жалпы ашылу көрсеткіші 82,8%-ды құрады. Бұл туралы Көксу аудандық полиция бөлімінің бастығы Ернар Қалтаев пен оның орынбасары Дархан Жақанбай өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында айтты. Көксу аудандық полиция бөлімінің бастығының айтуынша, мал ұрлығы — ауданның өзекті мәселелерінің бірі болып қала береді. Алайда, жыл ішінде мұндай қылмыстар саны 13-тен 11-ге дейін азайды. Бұл мәселемен күресу мақсатында 11 күзетілетін жайылым ұйымдастырылып, ауыл әкімдері мен шаруа қожалықтарының иелері арасында меморандумдар жасалды. Сондай-ақ, қараусыз малдарға қатысты 181 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Аудан жолдарында 64 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 15 адам қаза тауып, 119 адам жарақат алды. Полиция қызметкерлері 2960 жол ережесін бұзу дерегін анықтады, оның ішінде 28-і көлікті мас күйінде басқару жағдайы болды. |
Толығырақ... Оқылды: 93 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.01.2025 |
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері 6 қаңтардан бастап аккредитациядан өте алады |
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді өткізетінін хабарлайды. Процесс 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігігің бұйрығымен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 4-тармағына сәйкес жүргізіледі. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Аккредиттеуді алу үшiн өтiнiш берушi келесі құжаттарды ұсынады: 1) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуін алуға өтініш; 2) заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк (есептік) тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электронд... |
Толығырақ... Оқылды: 149 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.01.2025 |
Бейбітшілік, түсіністік пен мейірім мерекесі |
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың Рождествомен құттықтауы Құрметті жетісулықтар! Православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын! Бұл жарқын мереке қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауға ықпал етіп, баршамызды өзара қамқор болуға, жақсылық пен жарастыққа жетелейді. Басқа да дәстүрлі діндермен қатар православ діні де бейбітшілік пен бірлікті, татулық пен келісімді нығайтуға үлес қосып келеді. Өйткені бәріміз күш-жігерімізді біріктіргенде ғана алдағы мақсат-міндеттерімізді орындап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, өркендеу мен өсуге қол жеткізе аламыз. Баршаңызға мықты денсаулық, толайым табыс, отбасыларыңызға қуаныш пен бақыт тілеймін! |
Толығырақ... Оқылды: 160 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.01.2025 |
«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында «Экологиядағы инновациялар» тақырыбында семинар өтті |
Облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында эко-акциялармен және дәстүрлі сенбіліктермен қатар халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бүгін, 8 қаңтарда Талдықорған жастарға қызмет көрсету орталығында «Экологиядағы инновациялар» тақырыбында жастармен семинар өтті. Семинарда Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-12 сынып оқушылары ормандарды қалпына келтіру бойынша автономды роботты таныстырды. Бір циклде робот 60 көшет отырғыза алады, шынжыр табанды шассидің арқасында ол кез-келген топырақта жұмыс істей алады және күрделі рельефте қозғалады. Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Алиева Аяулым Маратқызы: «Бұл жоба - толық көлемді, дайын робот. Автоматты режимде ол жабықтамыр жүйесі бар көшеттерді, кез-келген түрдегі ағаштарды отырғызады. Роботты басқару тастар, ағаштар, сайлар сияқты кедергілерді айналып өтуге мүмкіндік бе... |
Толығырақ... Оқылды: 154 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.01.2025 |
Жетісуда ана мен бала денсаулығын жақсарту басты назарда |
Жетісу облысында ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында 2025 жылы облыстық перинаталдық орталықта ұрықты қорғау орталығы бөлімшесінде бір күндік клиника ашып, ұрық хромосомаларына инвазивті пренаталдық диагностика, генетикалық зерттеу жүргізуді бастау жоспарлануда. Ол хромосомалық ауытқуларды және басқа тұқым қуалайтын бұзылуларды анықтау үшін қолданылады. Сарқан қаласында 16 қаңтар күні үш жасқа дейінгі балаларға арналған «Қамқорлық» оңалту орталығын ашу жоспарлануда. Онда Алакөл, Ақсу және Сарқан аудандарының балалары оңалтудан өтеді. Мұнда дамудың ерте кезеңдерінде балаларды кешенді оңалту жүргізілетін болады. Бұл орталықта нейро ортопедиялық аурулары бар, оның ішінде церебральды сал ауруы бар балаларды оңалтудың үздік әлемдік әдістемелері мен заманауи тәсілдері енгізілетін болады. Бөлімшеде механотерапия, мантессори, ЕДШ, тұз, шунгит шахталары, эммерсиялық ванна, корвит, сенсорлық бөлме, иппотерапия, психолог, логопед және массажист кабинеті қызметтері көрсетіл... |
Толығырақ... Оқылды: 169 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.01.2025 |
Жетісу облысында метапневмовирус тіркелген жоқ |
Қазіргі уақытта елімізде және бүкіл әлемде ЖРВИ-нің маусымдық өсуі байқалады. Бүгінгі таңда вирустардың ең көп таралған түрлері – риновирус, респираторлық синцитиальды вирус, аденовирус, коронавирус, тұмау және парагрипп, метапневмовирус. Елімізде орын алып жатқан соңғы жағдайларға байланысты Жетісу облысында метапневмовирус тіркелген жоқ. Атап өтсек, негізгі белгілері: температураның жоғарылауы, мұрынның ағуы, жөтел, бас ауруы, асқыну кезінде ентігу және тыныс алудың қиындауы қосылады. Облыстағы барлық емханаларда күнделікті қабылдау сүзгілері жұмыс істейді. Көрсеткіштер бойынша 1 жасқа дейінгі балалар стационарларға жеткізіледі. Аурудың алғашқы белгілері байқалғанда емханада бір жастан асқан балаларды педиатр дәрігер қабылдап, қажет болған жағдайда тиісті емдеуді тағайындайды. |
Толығырақ... Оқылды: 167 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.01.2025 |
Жаңа жыл қарсаңында 196 жетісулық дүниеге келді |
Жаңа жылдың басталуымен облыс бойынша 1-7 қаңтар аралығында 196 бала өмірге келді. Оның төртеуі егіз. Оның ішінде 98 ұл және 98 қыз бала. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова мәлімдеді. Жалпы мереке күндері жедел жәрдемге барлығы 16 159 өтініш тіркелді. Түскен қоңыраулар бойынша балаларға шақыртулар, ЖРВИ, жедел ішек инфекциясы секілді дерттер тіркеліп, қызмет көрсетілді. Ал аудандық деңгейдегі стационарларда 419 балалар медициналық көмекке жүгіндіі. Облыстық инфекциялық және балалар ауруханасында 265 бала ем қабылдап жатыр. Стационарлық науқастардың ішінде емдеу бұл негізінен тыныс алу - вирустық аурулары бар және олардың асқынулары бар балалар бронхит, пневмония және ішек синдромы. |
Толығырақ... Оқылды: 190 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.01.2025 |
Жетісуда мереке күндері қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етілді |
Жаңа жыл мерекелері кезінде Жетісу облысы аумағында 6 өрт оқиғасы, 1 улы газбен улану жағдайы және 1 авариялық-құтқару операциясы тіркелді. Құтқару операциясы барысында 11 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Бұл туралы Жетісу облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мухметов пен Жетісу облысы ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы Қалдыбек Төлеұлы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында хабарлады. ТЖД-нің азаматтық қорғау майорының айтуынша, Талдықорған қаласында газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан жеке тұрғын үйде өрт шығып, үйдің құрылымы құлап түскен. Оқиға нәтижесінде 7 адам, оның ішінде 3 бала зардап шеккен. Өкінішке қарай, екі адам ауруханада көз жұмды. Ескелді ауданында улы газбен улану оқиғасы тіркелді. Жеке тұрғын үйде ақаулы пештің салдарынан әйел адам ауыр улану алып, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ, қар құрсауында қалған кезде құтқарушылар 11 адамды, оның і... |
Толығырақ... Оқылды: 183 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.01.2025 |
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: МАҚСАТЫМ – ЭКОНОМИКАНЫ ЖӘНЕ ЕГЕМЕНДІКТІ НЫҒАЙТУ |
Толығырақ... Оқылды: 209 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.01.2025 |
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: МАҚСАТЫМ – ЭКОНОМИКАНЫ ЖӘНЕ ЕГЕМЕНДІКТІ НЫҒАЙТУ |
Толығырақ... Оқылды: 247 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.01.2025 |