ЖАҢАЛЫҚТАР
«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты қалай іске асып жатыр? |
«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты коммуналдық салаға инвестиция тарта отырып, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайтуды көздейді. Бағдарлама шеңберінде желілер мен жабдықтардың жоғары тозуына байланысты инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының айтуынша, халықтың осал топтарын тарифтерді көтеруден қорғау үшін тұрғын үй көмегінің тетіктері қарастырылғанын атап өтті. 2024 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша электрмен жабдықтау қызметіне орташа тарифі 1 кВт үшін 31,28 теңгеге жетті. Есепті кезеңде тарифтерді өзгертуге 43 өтінім келіп түсті, оның 13-і әртүрлі себептермен бас тартылды және кемшіліктерді жою үшін қайтарылды. 5 инвестициялық бағдарлама бекітілді. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша 6 өтінім қаралды. |
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.09.2024 |
Жаңа үлгідегі банкноттар айналымға шығарылды |
Ұлттық Банк банкноттардың жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығара бастады. Жаңа үлгі «сақ стилі» элементтеріне негізделген және Қазақстанның мұрасын көрсетеді. Шығарылым теңгені қорғау дәрежесін арттыруға және елдің мәдени құндылықтары мен тарихын дәріптеуге бағытталған. Мамандар ескі үлгідегі ақшалар біртіндеп айналымнан алынатынын айтып отыр. Осылайша, 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңге – 2024 жылдың 24 желтоқсанына дейін қатар айналымда болады. 2012 жылғы үлгідегі 10000 теңгені 2026 жылдың 28 маусымына дейін қолдануға мүмкіндік бар. Қатар айналым кезеңінде ескі үлгідегі ақшаны жаңаға айырбастаудың еш қажеттілігі жоқ. Қатар айналымның кезеңі аяқталған соң екінші деңгейлі барлық банк үш жыл ішінде, ал Ұлттық банктің филиалдары банкноттарды мерзімсіз мезгілде айырбастайды. Жалған ақша жасаудың алдын алу үшін әр 7-8 жыл сайын ақшаның дизайны өзгеріп отырады. Ескі үлгідегі банкноттар біртіндеп айналымнан алынады: 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңге – 2024 жылдың 24 желтоқ... |
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.09.2024 |
БІР ЕЛ -БІР КІТАП |
Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары насихаттау мақсатында, Көксу аудандық кітапханасында «Менің атым Қожа» тақырыбында әдеби сағат өтті. Шара барысында Б.Соқпақбаевтың өмір жолы, шығармашылығы жайлы видео, «Менің атым Қожа» фильмінің қызықты сәттерінен үзінді көрсетіліп, «Кейіпкерді тап!» видео сұрағы, «Кездейсоқ түскен сұрақ» атты сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, «Бір ел – бір кітап» акциясына ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, шара соңында мәдениет үйінің қызметкері Нұрболат Есілдің орындауында «Туған жер» әні орындалды. |
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.09.2024 |
Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ |
◾️Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралуда. ◾️Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. ◾️Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады. ◾️Сонымен қатар, бейінді Министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған. ◾️Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз. ◾️Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өзд... |
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.09.2024 |
Жетісу облысында жыл басынан бері «Инватакси» қызметі 60 мыңнан астам рет қызмет көрсетті |
Қайта оралу Жетісу өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандар «Инватакси» қызметін тұрақты пайдаланады. Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға 60 мыңнан астам рет қызмет көрсетілген. Бүгінгі таңда облыста арнайы қызмет көрсететін 34 «Инватакси» бар,– деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Өткен жылы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасымен жергілікті бюджет есебінен 14 жаңа «Инватакси» сатып алынды. Соның нәтижесінде облыста 1 жылдың ішінде жекеменшік таксилер саны екі есеге артты. 2024 жылы 34 автокөлікпен «Инватакси» қызметін көрсету үшін 306,6 миллион теңге бөлінді, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев. Облыс аумағында «Инватакси» қызметін 8 үкіметтік емес ұйым жүзеге асырады. Оның екеуі Талдықорған қаласында. Бірі – «Ерлік» мүгедектер қоғамдық... |
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.09.2024 |
Жетісу облысында дәнді-дақылдардың 80% жиналды |
Жетісу облысында егін жинау науқаны 8 шілдеден бастап жалғасуда. Қазіргі уақытта Алакөл, Ескелді және Кербұлақ аудандарындағы дәнді-дақылдардың жалпы көлемінің 80%-ы жиналып, 544 мыңнан астам тонна астық бастырылды. Өңірде жалпы қуаттылығы сағатына 283 тоннаны құрайтын 7 астық кептіргіш жұмыс істейді. Жетісу облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев атап өткендей, қант қызылшасын жинау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Жалпы алғанда 615 мың тонна өнім жинау жоспарлануда. Оның 250 мың тоннасы Көксу қант зауытына, 365 мың тоннасы Ақсу қант зауытына өткізіледі. Тәтті түбірдің жиын-терін жұмысына 108 комбайн жұмылдырылды, оның 31-і биыл сатып алынған жаңа техникалар. |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.09.2024 |
Жетісу облысында елімізде теңдесі жоқ жаңа заманауи волейбол орталығы ашылды |
Бүгін Талдықорғанда «Жетісу» кәсіби волейбол клубына арналған заманауи волейбол орталығының, спортшыларға арналған төрт қабатты тұрғын үйдің салтанатты ашылуы өтті. Мұндай жаңа орталықтың Қазақстанда баламасы жоқ екенін айта кету керек. Волейбол орталығында ерлер мен әйелдер құрамаларының негізгі командалары, жастардың қос командалары үшін екі бөлек жаттығу залы бар,–деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Мемлекет басшысы бізге бұқаралық спортты дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау міндетін жүктеді. Осы орайда, «Жетісу» клубы үшін заманауи волейбол орталығының ашылуы спортшыларымыздың кәсіби өсуіне, өзіміздің жас кадрларды тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызуда. Алдағы уақытта «Жетісу» волейбол клубының Академиясын құрамыз. Оған орта мектептерден волейболға қабілеті бар балалар іріктеліп алынады. Бұл академияда олар жалпы білім беру бағдарламасын меңгеріп қана қоймай, волейболмен қарқынды түрде айналысатын болады. Осыл... |
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2024 |
Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ жарқын болмақ |
Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымд... |
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2024 |
Жетісуда баспана алуға арналған жаңа бағдарлама жүзеге аспақ |
Ауылды мекендерге арналған «Жерұйық» тұрғын-үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін алғашқы жарна – 10%. Бағдарламаның өтінімдерін қабылдау 10 қыркүйектен 10 қазанға дейін жалғасады. Алдын ала тұрғын үй заемының максималды мерзімі – 8 жыл, тұрғын үй заемы – 11 жыл, жалпы мерзімі – 19 жыл. Бағдарламалардың негізгі талаптары: соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында атында үй болмауы, банктің талаптарына сәйкес келетін жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша кепілдің болуы; міндетті зейнетақы жарналарымен расталған соңғы жұмыс орнында кемінде 6 ай жұмыс өтілінің болуы және облыста тіркелуі міндетті. «Жетісу облысының тұрғындары биыл жаңа баспана ала алады. Ол үшін «Отбасы банк» АҚ облыс филиалымен бірге «Жерұйық» арнайы бағдарламасы әзірленді. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен тұрғын үй бағдарламасына қатысушылары үшін тұрғын үй сертификаттарын ұсынуға 443 млн. теңге қарастырылып,... |
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.09.2024 |
Талдықорғанда қала күні ауқымды түрде атап өтіледі |
Биыл қала күнін тойлау Талдықорған қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Әр жыл сайын бұл мереке қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекелік іс-шаралар айдың басынан, соңына дейін созылады. Қала тұрғындары мен қонақтарын спорттық ойындар, концерттер, қойылым, эстафеталар және басқа да көптеген маңызды оқиғалардың куәсі бола алады. Қонақтарды қала күнін мерекелеудің ауқымды бағдарламасы күтіп тұр. 13 қыркүйек, сағат 11:00 де Жастарға қызмет көрсету орталығында «Әйел әлемі сұлулық мекені»атты ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған іс-шара өтеді. 14 қыркүйек, сағат 19:00 де «Жастар» саябағында «Miss Taldyqorgan 2024» байқауының финалы. 14-15 қыркүйек, сағат 10:00 де «Жастар» спорт кешенінде «Taldyqorgan cup» қала әкімінің кубогі үшін ашық турнир. 20 қыркүйек, сағат 19:00 «Жастар» саябағында, «Әлемді тербеткен әуендер» атты... |
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.09.2024 |