ЖАҢАЛЫҚТАР
Көксуда паралимпиада жүлдегері Мұхаметхан Бүркітбек дауыс берді |
Көксу ауданының Мұсабек ауылдық округінде №260 сайлау учаскесінде әлемдік паралимпиада жүлдегері Мұхаметхан Бүркітбек өз дауысын берді. «Мен өз таңдауымды жасадым. Ел болашағы үшін бірауыздан дауыс беріп, бірлігімізді танытайық», - дейді Мұхаметхан. |
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
МАНСАПТЫҚТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ |
Текелі қаласы мансап орталығының ұжымы ел болашағы үшін дауыс беру учаскесіне бір кісідей барып, ынтымақ-бірліктің үлгісін көрсетті. |
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
«Жетісулықтар белсенді дауыс беріп жатыр» – Салтанат Айыпқызы |
Талдықорған қаласында дауыс беру процесін қадағалаған бақылаушы Тәкенова Салтанат жетісулықтардың референдумға белсенді атсалысқанын айтады. «Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы №437 сайлау учаскесінде «AMANAT» партиясының атынан бақылаушы ретінде қатысып отырмын. Сайлау учаскесі жұмысын уақытылы бастады. Жалпы учаскідегі сайлау бюллетендерінің саны – 2 608. Дауыс беру заңға сай өтіп жатыр. Әр партиядан бақылаушалар қатысуда. Комиссия мүшелері өз жұмыстарын ережеге сай атқарып отыр. Дауыс берушілер белсенді. Референдумның маңызын байыбына жетіп түсініп отыр. Демек халық үшін еліміздің болашағы маңызды. Әркім өз таңдауын жасап жатыр. Ешқандай заң бұзушылық тіркелмеді. Бақылаушы ретіндегі басты жұмысым — демократиялық процестің маңызды элементі, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мен дауыс берудің әділ өтуіне кепілдік беру. Міндетімді асқан жауапкершілікпен орындап, дауыс беру процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге ат салыстым.... |
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Референдум заң бұзушылықсыз өтіп жатыр |
«Азаматтық альянсы ЗТБ» тәуелсіз байқаушылар коалициясының бақылаушысы Қадырбаев А.Б: Жетісу облысының Көксу ауданындағы Бозтоған ауылындағы №252 дауыс беру учаскесінде дауыс беру заң бұзушылықсыз өтіп жатыр. Ауыл тұрғындары таңнан бастап дауыс беруге келуде. Жастар, отбасылар келіп жатыр, қарт адамдар да артта қалмайды. Учаскеде әзірге ешқандай бұзушылықтар тіркелмеді. |
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Қарияларымыз да белсенділік танытуда |
Ауданымыздың қариялары мемлекетімізде алар өзгеріске бей жай қарамай дауыстарын беріп жатыр |
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Аудан мақтанышы дауыс берді |
Мұсабек ауылдық округінде №260 сайлау учаскесінде әлемдік параолимпиада жүлдегері Мұхаметхан Бүркітбек өз дауысын берді. |
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Маңызды күннен |
Мұқаншы ауылдық округіндегі №265 сайлау учаскесінде бүгін ерекше атмосфера! ✨ Дауыс берумен қатар, тұрғындар арасында шахмат турнирі ұйымдастырылды. ♟???? Интеллектуалды жарыстар мен сайлау күні бір арнада тоғысып, бәріне ерекше көңіл-күй сыйлады. Біздің болашағымыз үшін дауыс беріп, спорттық рухты да көтерейік! ???? |
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Референдумға самокатпен келді |
Талдықорғандық жастар референдум күні белсенділік танытты. Олар өздернің сайлау учаскелеріне самокатпен келіп таңдауларын жасады. Жаңашылдыққа жаны жақын жастардың бұл әрекеті көпті қызықтырды. – Бүгін еліміз үшін маңызды күн. АЭС-тің салынуына байланысты халық арасында әр түрлі таластар, сан түрлі пікірлер айтылды. Жастардың тарапынан жұрттың назарын референдумға аудару үшін осындай әрекетке бардық. Жастардың қаны қызу ғой, сондай шабытпен келіп дауысымызды бердік. Бұлай істеуді жастар өзара ақылдасып шештік, – дейді Талдықорған «Жастары» филиалының жетекшісі Еркебұлан ЖАҚАН. |
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Әркімнің өз таңдауы бар – Нариман Құрбанов |
Алматыда тағы бір атақты спортшы – спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс беруге қатысты. Спортшы референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтті. «Дауыс беру-әркімнің азаматтық борышы мен міндеті. Әркімнің өз таңдауы бар және оны жасау керек. Қазақстандықтар бұл мәселеде жауапкершілік танытады деп сенімін», — деді Нариман Құрбанов. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда әйелдер боксы бойынша Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбайдауысберген болатын. Қалада барлығы 624 сайлау учаскесі бар.Оның 549-ы азаматтарды тұрақты тіркеу орындары бойынша болса, ал 75-і – ауруханалар, санаторийлер және әскери бөлімдер сияқты уақытша орналасқан орындар. Дауыс беру орындары кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық болады. kaz.inform.kz |
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
ТУҒАН КҮН ИЕСІ 100- ШІ ДАУЫС БЕРУШІ БОЛДЫ |
Алакөл ауданы Арқарлы ауылдық округіндегі №57 дауыс беру учаскесіне білім саласының ардагері, дәл референдум күні 64 жасқа толып отырған ұлағатты ұстаз Меңдібай Хусинов дауыс беріп, 100-ші тұрғын ретінде тіркелді. Өмірінің басым бөлігін шәкірт тәрбиесіне арнаған ұстаз референдумның маңыздылығын толықтай түсініп, өзінің немересімен бірге ел болашағы үшін таңдауын жасады. – Жуырда ғана Үшарал қаласына қоныс аудардым. Құжаттарымды реттеп үлгермегендіктен тіркелген мекенжайым Арқарлы ауылында қалды. Алпыс шақырым жерден референдум үшін арнайы келіп, өзімнің таңдауымды жасадым. Бұл мен үшін, ұрпағым үшін жасалған таңдау деп білемін, – деді ардагер ұстаз. |
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |