ЖАҢАЛЫҚТАР
Аида Балаева: Референдум – Мемлекет басшысының реформаларымен тікелей байланысты өзгерістердің дәлелі |
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева АЭС құрылысы бойынша референдум өткізуге байланысты ақпараттық науқанға баға беріп, оның белсенді жүргізілгенін айтты. «Мен ақпараттық науқанды өте белсенді өтті деп сипаттаймын, өйткені атом электр станциясының жақтаушылары да, қарсыластары да бұл мәселеге қызығушылық танытып, өз ұстанымдарын түсіндіріп, дәлелдеді. Бәрі ашық түрде жүріп жатыр. Қазақстанда ашық қоғам құрылғанын көріп отырмыз, онда әркім пікірі мен көзқарасын білдіре алады», — деді Аида Балаева БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып. Сондай-ақ, ведомство басшысы референдум Президент бастамашылық еткен реформалардың арқасында болып жатқан елдегі үлкен өзгерістердің жарқын айғағы екенін атап өтті. «Бүгінгі референдум — бұл біздің еліміздегі Мемлекет басшысының реформаларымен тікелей байланысты үлкен әрі түбегейлі өзгерістердің дәлелі», — деп толықтырды ол. Бұған дейін Аида Балаева референдумда халық дау... |
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
«Білте шамның жарығымен өстік» – Жүз жастан асқан жамбылдық кейуана референдумға қатысты |
«Адам жаспен емес, жауапкершілікпен өседі» деген. Бүгін Жамбыл ауданына қарасты Ақбұлым ауылының тұрғыны, ғасыр жасаған кейуана Күлия Үсенова жергілікті №465 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. «Қуат – тіршілік көзі» деп білетін ғасыр куәгері ел ертеңіне бей-жай қарамайтынын айтып, саяси науқаннан қалыс қалмауды ұйғарыпты. – Небір зұлмат заманды бастан өткеріп, білте шамның жарығымен өсіп-өнген адамбыз. Шіркін, жарық дүниеге не жетсін! Бастысы – ел аман, жұрт тыныш болсын, – дейді ғасыр құрдасы. |
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Ауыл ақсақалдары арқан тартысты |
Алакөл ауданына қарасты Екіпнлі ауылындағы дауыс беру учаскелері маңында тұрғындардың көңіл-күйін көтеру, және белсенділіктерін арттыру мақсатында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Арқан тартыс, шахмат ойындарында ауыл тұрғындары өзара сайысқа түсті. Ал референдумда дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдірген Екпінді ауылының тұрғыны Қазығұл Баядилов: «Еліміз үшін маңызды шешім қабылданатын уақытта біз де өз дауысымызды бердік»,- деді. |
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК ДАУЫС БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ ДАУЫС БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ |
Ата бабаларымыз өз Отанымыз, мемлекетіміз болуды ғасырлар бойы армандап соның жолында тер төкті, еңбектенді, ел жерін жауға бермей қорғап келді. Бүгінгі ұрпақ соның игілігін көріп жемісін жеп, өз тәуелсіз елінде бейбіт өмір сүріп берекетін көріп келе жатқанына 33 жыл толды. Әрине неше ғасырлық тарихы бар алпауыт елдермен тереземіз теңесуге тәуелсіз еліміздің әрбір кәмелет жастағы жандарының белсенділігі мен берекеттілігі аса маңызды. Мінеки бүгінгі өтіп жатқан референдум елімізге АЭС құрылысын салуға шешім қабылдауды да ел Президенті Қ.Тоқаев халқының құзырына беріп «иә»не «жоқ» деген дауыс берулері үшін бар мүмкіндікті жасап берді. Отан отбасынан басталады деген қағида негізін де бізде отбасымызбен барып өз дауысымызды бердік. Оның түпкілікті мақсат мүддесі Қазақстанның әрбір азаматы өз елінің келешегі кемелді болуына өздерінің «үнін» кез келген істе белсенділік және білімділік жаңа заман талабына сай өзгерген сана сезіммен білдіруі олардың б... |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
«Босс-Молокосос» Талдықорғанда таңдау жасады |
Бүгін Талдықорғандағы жалпыхалықтық референдумға «Босс-Молокосос» қатысты. Арнайы кейіпкер киімін киген жастар дауыс беріп қана қоймай, сайлау қатысушыларына осындай ерекше көңіл күй сыйлап, өз пікірін білдірді. «Референдум - қазақстандықтар үшін маңызды таңдау жасалатын күн. Біз талдықорғандықтарды осы күні белсенді болып, өз таңдауларын жасауға шақырамыз»,- дейді кейіпкер киімін киген Дина мен Асылмұрат. Дауыс беру учаскесінде мультфильм кейіпкерінде көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған жастармен дауыс берушілер естелік суретке түсті. |
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Алакөлде Мемлекеттік сыйлық лауреаты дауыс берді |
Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округінің тұрғыны, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Алакөл ауданының Құрметті азаматы Қайныш Таңатова №58 дауыс беру учаскесіне барып, белсенді түрде дауыс берді. Қайныш Таңатова бүгінгі референдум — еліміздің тарихында қалатын маңызды оқиғаның бірі екенін және әр қазақстандық өзінің азаматтық көзқарасын білдіру керек екенін жеткізді. |
Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
ГІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН ЖАРЫС ӨТТІ |
⠀ Қазан айының 6-ы күні Балпық ауылдық округінің ауыл тұрғындары арасында гір тасын көтеруден жарыс өтті. ⠀ Жарысқа ауыл тұрғындары қатысып, белсенділік танытты. ⠀ Жарыс қорытындысы бойынша: 1- орын Жунусов Бағлан 2- орын Бақыт Бекмұхамет 3- орын Болатов Бауыржан иеленді. ⠀ Жеңімпаздар медальдармен және грамоталармен марапатталды. ⠀ |
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Қарттарымызда да болашақ үшін дауыс берді |
Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
«Ұрпағымыздың болашағы үшін үлкен шешуші сәт» — Мұрат Құсайынов |
Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы Мұрат Құсайынов Алматыда өткен референдумда дауыс берді. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Дос-Мұқасан» ансамблінің көркемдік жетекшісі және негізін қалаушы, композитор Мұрат Құсайынов Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты. Ол Алматыдағы Орталық стадион аумағында орналасқан № 262 сайлау учаскесіне келді. Бұл туралыАлматықаласыныңөңірліккоммуникацияларқызметі хабарлады. |
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов таңдау жасады |
Дзюдодан қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов республикалық референдумда өз таңдауын жасады. Мемлекет мақтанышы Тараз қаласындағы №82 сайлау учаскесінде дауыс берді. Мемлекет үшін маңызды оқиғада азаматтық көзқарасын білдірген чемпиона әр дауыс ел келешегі үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті. |
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |