ЖАҢАЛЫҚТАР
Үлкен ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр |
Бүгін Үлкен ауылдық округіндегі № 332 референдум учаскесі жұмысын бастады. Таңертеңнен бастап ауылдың 150-ден астам тұрғын өз таңдауын жасады. «Бүгінгі референдумның маңызы зор. Бұл — халықтың елдің болашағына қатысты шешімдерді өз қолына алатын сәті. Әрбір дауыс берушінің таңдауы маңызды. Өз таңдауымызбен біз мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз. Мені бүгінгі референдумға азаматтық борышым жетеледі. Біз өз болашағымызға немқұрайлы қарамауымыз керек», — деді ауыл тұрғыны Рахима Қайырбекова. Жалпы, Алматы облысы бойынша 643 дауыс беру учаскесі бар. Жамбыл ауданында 77 учаске жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ облыстық комиссияның ресми интернет-ресурсында «Референдум-2024» атты бөлімше құрылды. Бұл бөлімде үнемі инфографика, бейне және аудиоматериалдар сияқты медиа-контентжарияланыпотырады. Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойыншажалпыұлттық референдумдадауыс береді. Орталық референдум комиссиясы... |
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
ТҰҢҒЫШ "ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ" ДАУЫС БЕРДІ |
Талдықорғанда Әлем кубогінің күміс жүлдегері, тұңғыш «Қазақстан Барысы» атанған Ұлан Рысқұл өз таңдауын жасады. Референдумға жетісулық Рысқұл Ұлан №349 дауыс беру учаскесіне барып дауыс берді. Рысқұл Ұлан дзюдодан Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогінің күміс жүлдегері. «Қазақстан Барысы» турнирінің тұңғыш жеңімпазы дауыс беріп, өз пікірін білдірді. «Еліміздің өсіп-өркендеп дамығанын қалаймын. Сондықтан ел ертеңіне бей-жай қарамай, даму жолындағы тың бастамаларды қолдау үшін келдім. Таңдау жасадым. Бүгінгі күн барлығымыз үшін маңызды. Барша қала халқын референдумнан қалыс қалмауға шақырамын»,- деді чемпион. |
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
101 ЖАСТАҒЫ КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ |
Алакөл ауданы Жайпақ ауылының тұрғыны 101 жастағы кейуана Мәрзия Абдрахманова да өз таңдауын жасады. Апамыз кез-келген сайлаудан қалыс қалмай азаматтық парызы ретінде өзіндік үлесін қосып келеді. – Еліміздегі саяси науқаннан менің де қалыс қалғым келмеді. Сондықтан, референдум комиссиясына өтініш білдіріп, сайлауды көзіммен көріп қатысайын деп шештім. Менің даусымның аз да болса, еліміздің өркендеуіне себі тиер деп ойлаймын. Мен келешек үшін дауыс бердім, – дейді ғасыр жасаған кейуана. Апамыз 9 баладан 20 немере, 20 шөбере сүйіп отырған бақытты әже. Алакөл ауданы |
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Батыр аналар дауыс берді |
Көксулық көпбалалы аналар да референдумда өз таңдауларын жасауда. Еңбекшіқазақ, З.Тамшыбай, Мұсабек ауылында тұратын көпбалалы аналар дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. «Батыр аналар» Республикалық референдумда дауыс беріп қана қоймай, көпшілікті осындай маңызды істен қалыс қалмауға шақырды. «Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Әр азаматымыздың дауысы Қазақ еліміздің дамуына үлес қосуы деп санаймын. Мен осы ауылға келін болып түскеніме 65 жылдай болыпты. Әйел адам әрбір үйдің, әр шаңырақтың отанасы. Біз үшін жылы баспана, қарны тоқ балаларымыз, жарық пен тұрмысқа қажет заттардың толықтығы маңызды ғой. Ел Президентінің бұл мәселені халықтың талқылауына бергеніне де ризамыз. Ел болып, халық болып бірігіп бір ортақ шешімге келейік!» – дейді көпбалалы ана Қалипан Еркенова. |
Толығырақ... Оқылды: 52 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
АҚСАҚАЛДЫҢ БАТАСЫ |
Таңғы сағат 7:00-де Мемлекет гимнмен басталған №402 референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып Құмарғали Сүлейменов ақсақал мен зайыбы Хафиза Қалиясқарова апамыз келді. – Еліміздегі әрқандай игі іске қашанда қолдауға дайынбыз. Әсіресе, ұрпағымыздың болашағы үшін жасалған қадамдарды құтпаймыз. Мемлекетті өркендету үшін, дамыған елдер қатарына жеткізу үшін жұдырықтай жұмыла еңбек етуге тиіспіз, – дейді атамыз. Ал өмірін денсаулық сақтау саласына арнап, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп жүрген апамыз: -Таңғы сағат 6-да тұрып осында келуге асықтым. Өйткені, балаларымыздың, немере-шөбереміздің жарқын күнде өмір сүргенін ойлаймыз. Ынтымақ пен береке, болашаққа батыл қадамдар соның кепілі, – дейді.Қашанда қандайда бір игі істі ақсақалдың ақ батасымен бастайтын дәстүріміз бар. Құмарғали ақсақал көпшілікке бата беріп, референдумның нәтижелі өтуін сәттілік тіледі. “Жетісу-Ақпарат” |
Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
ҮШ АДАМҒА СЫЙЛЫҚ БЕРДІ |
Талдықорғандағы № 28 IT мектеп-лицейінің ғимаратында орыналасқан №396 дауыс беру учаскесіндегілер өз таңдауын жасауға келген алғашқы үшадамға сыйлық берді. Бірі Махмұтжан Түлеубаев, сағат тілі 7:00 көрсеткенде ғимаратқа еніп, өз таңдауын жасады. Екінші болып Қ. Байсейітов атындағы колледждің студенті Қасым-Жомарт Тоқстасын, үшінші 78 жастағы Нұршара Жұмағаұлова дауыс берді. Сайлаушылар сыйлық үшін риясыз алғыстарын білідіріп, қуанышты көңілкүймен қайтты. Медет ЖҰМАБАЙ |
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
102 жастағы кейуана дауыс берді |
Жетісу облысы Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова еліміз үшін аса маңызды күнде қаладағы дауыс беру учаскесіне өзі келіп, таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 12 құрсақ көтерген әже қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада белсенділік танытады. Жасым 102-ге келді. Мен референдумда Президент сайлауында да өзім келіп дауыс бергенмін. Бүгін міне тағы да келдім. Бүгінгі маңызды күнде дауысымыздың аса құнды, пікіріміздің алтыннан қымбат екендігін ұмытпасақ игі еді. Себебі халық мемлекеттің басты қозғаушы күші, – деп кейуана батасын берді. |
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Көксуда әзербайжан ұлтының өкілдері ұлттық киімдерінде келіп дауыс берді |
Көксуда әзербайжан ұлтының өкілдері ұлттық киімдерінде келіп дауыс берді Көксу ауданында «Әзербайжан ұлт өкілдері ұлттық киіммен республикалық референдумда дауыс берді. Референдумға ынтымақ пен ырысы жарасқан сан алуан ұлт өкілдері белсенділікпен қатысып, өз таңдауларын жасауда. «Бүгін елімізде өтіп жатқан референдумда өз таңдауымызды жасайық деген ниетпен келдік. Ел тағдырына алаңдайтын барлық тұрғын бүгінгі шарадан қалыс қалмауы тиіс деп ойлаймыз. Өзгерістердің барлығы оңынан болсын!» – дейді аудан тұрғыны Шах Гусейн Аббасұлы. ✔️Айта кетейік, Теректі ауылында орналасқан №245 дауыс беру учаскесіне таңнан келушілер саны көп. Аудан тұрғындары референдумға белсенді қатысуда. |
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
Көксу ауданындығ сайлау учаскілер өз жұмысын бастап кетті |
Дауыс беру учаскелері ашылды ????Бүгін 6 қазан еліміз үшін маңызды шешім қабылдайтын Қазақстанда атом электр станциясын салу жөнінде Республикалық референдум күні. ????Көксу ауданындағы 38 дауыс беру учаскелерінде таңғы сағат 07:00 де дауыс беру учаскелері ашылып, сайлау заңнамасына сәйкес жұмыс істей бастады. Жарлыөзек ауылдық округінде №250, №251 сайлау учаскелеріндегі бірінші сайлаушылар. ????Еліміздің болашағы үшін өз таңдауыңызды жасаңыз! #отбасыммендауысбереміз #референдумғакелдім #әрдауысмаңызды |
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024 |
ПРЕСС-РЕЛИЗ |
Меры отечественных комплаенс-специалистов по ПОД/ФТ в схеме, связанной с мошенничеством, признаны лучшими на пространстве Евразии Конкурс среди комплаенс-специалистов финансовых учреждений государств-членов ЕАГ на лучший финансовый анализ в целях противодействия отмыванию денег и финансированию терроризма состоялся на полях Международной олимпиады по финансовой безопасности в Сочи (РФ). В масштабном соревновании приняли участие субъекты финансового мониторинга из Беларуси, Индии, Казахстана, Кыргызстана, России, Таджикистана, Туркменистана и Узбекистана. Конкурс проводился в формате интерактивного обсуждения представленных примеров. Рассмотрены работы на лучший финансовый анализ с применением сложных механизмов противодействия «дропперству» в отмывании денег и финансировании терроризма и лучший пример применения системы управления рисками в борьбе с ними. Дроппы – это подставные лица, которые задействованы в преступных схемах по аккумулир... |
Толығырақ... Оқылды: 58 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.10.2024 |