Жаңалықтар
АЙБЫНЫМЫЗДЫ АСЫРҒАН БАЛУАН |
Қазақ күресі – әлемдегі ең әдемі күрес. Егер қазақ күресінің тарихын қазсаңыз, оның түбін сонау ғұндардан, кейінгі қазақтың эпостық жырларынан табасыз. Кеңес дәуіріне дейін қазақша күрес негізінен әдет-ғұрыпқа байланысты және еңбек процестерінде жеткен жетістіктерін дәріптейтін жиын-тойларда өткізілді. Бұрын қазақша күрес «Күш атасын танымайды» деген түсінікпен салмағына, дәрежесіне, жасына қарамай өткізіле берген. Тіпті, ағасы мен інісі күресіп қалатын кезі де болған. Сондай-ақ, күрестің белгілі бір жүйеге түскен белдесу ережесі де болмаған. Күреске түскендер үлкен-кішілігіне қарамай, қайсысы күшті болса, сол жеңіске жеткен. Жиын-тойларда ғана күш сынасып қоймай, кім жеңеді деп егеске түскен екі балуан кездескен жерде ат үстінен түсе қалып, белдесе кететін болған. Ел ішінде атақтары жайылған Қажымұқан, Балуан Шолақ, Битабар т.б. осындай алып балуандар болды. Қазақ күресі 1928 жылға дейін «қазақша күрес» деп аталып келген. Негізі, күрестің «белде... |
Толығырақ... Оқылды: 596 Санат: СПОРТ Уақыты: 04.04.2019 |
4 сәуір қандай күн? |
Сенегал Республикасының мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1960 жылғы сәуірдің 4-де Франция Сенегалға Франция қауымдастығы шеңберінде өкілділік берді. Осы жылғы тамыздың 20-да Сенегал Тәуелсіздігін жариялады. Сенегал Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және солтүстік-шығысында Мавританиямен, шығысында Малимен, оңтүстігінде Гвинея Республикасымен, Гвинея-Бисаумен шектеседі. Батысы Атлант мұхитымен шайылады. Әкімшілік жағынан 10 облысқа бөлінеді. Астанасы - Дакар қаласы. Ресми тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - Африка қаржы қауымдастығы франкі.Веб-бағдарламашылар күні. Испаниядағы баскілердің ұлттық мейрамы. Баскілер - Францияда, Аргентинада, Бразилияда, Мексикада тұратын халықтар, Үлкен еуропа нәсіліне жатады. Испан, француз, баск тілдерінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Бұл халықтардың арғы тектері - васкон, вардул, каристи тайпалары. Мина қауіпсіздігі және минаны залалсыздандыруға қатысты көмектің халықаралық күні. 2006 жылдан бастап Бірікк... |
Толығырақ... Оқылды: 558 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 04.04.2019 |
Дүниежүзілік сауық кеші күні |
Бұл күнді құру идеясы алғаш рет америкалық жазушы Ванна Бонтаның «Ұшу» романында айтылған. Роман 1995 жылы жарыққа шыққан, оның соңы 2000 жылдың 3 сәуіріне дейін уақыттың кері есептелуімен аяқталған. 1996 жылдың 3 сәуірінде алғашқы Дүниежүзілік сауық кеші күні аталып өтті. |
Толығырақ... Оқылды: 462 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.04.2019 |
Штрих-код пайда болған күн |
1973 жылы дәл осы күні IBM компаниясы штрихтап кодтау әмбебап технологиясын ұсынды. Штрих-код - әртүрлі қашықтықтағы және әртүрлі жуандықтағы жолақтардан тұратын компьютерлік есептеу түрі. Жолақтар арасындағы комбинация белгілі бір сандарға сәйкес келеді. 0-ден 9-ға дейінгі сандар екі немесе үш нұсқамен (сет) беріледі. Алғаш рет штрих-код Wrigley's сағызына қойылған. |
Толығырақ... Оқылды: 524 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.04.2019 |
Текелі қаласында 40 пәтерлі тұрғын үй салынады |
Алматы облысының Текелі қаласында көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға арнайы 40 пәтерлі тұрғын үй салынбақ. Аталмыш тұрғын үй құрылысы осы жылдың маусым айында басталып, 6 айға созылады, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. 40 отбасыға есептелген бұл жобаның сметалық құжаты өткен жылы дайындалған. Бүгін де мемлекеттік сараптамадан оң баға алып, керекті қаражат бөлінді. «Қазіргі таңда қалада көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға көп көңіл бөлінуде. Қалада 415 көпбалалы және 197 тұрмысы төмен отбасы тіркелген. Жақында 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталады. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады », - дейді қала әкімі Бахтияр Өнербаев. Айта кету керек, дәл осындай 40 пәтерлі 2 тұрғын үйдің сметалық құжаттары дайын, енді мемлекеттік сараптамадан өтсе, келесі жылы тағы да 80 отбасы үйлі болады. Меруерт МАХМҰТЖАН |
Толығырақ... Оқылды: 393 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.04.2019 |
Жетісулықтар Аслан Айтбаевты ақтық сапарға шығарып салды |
Жетісулықтар лейтенант Аслан Айтбаевпен қоштасты. Марқұмды шығарып салу рәсімі Сарыөзек ауылының орталық алаңында өтті. Жауынгер мен қоштасу рәсіміне Қазақстан РеспубликасыҚорғаныс Министрінің өкілі, Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының орынбасарыгенерал майор Койшикулов Тұралы Хамитұлы келді. аудан әкімі М.Бигелдиев, Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың атынан марқұмның отбасы мен туған-туыс, жақын-жуықтарына қайғырып көңіл айтты. «Елімізде орын алған қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Арыстай азаматтарымыз Отан алдындағы қызметтерін атқару барысында қайғылы қазаға ұшырады. Қазақстанның әскери қызметшілері әрқашан антына адал, сондай-ақ Отанына шексіз беріле қызмет етуде. Осы қайғылы сәтте орны толмас қазаға ортақтаса отырып, марқұмның отбасына және туған-туыстарына көңіл айтамын. Жастай өмірден озған бауырымыздың көрмеген жақсылықтарын ата-анасына, бауырларына, іні қарындастарына көруге жазсын» деп атап өтті министр өкілі.... |
Толығырақ... Оқылды: 390 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.04.2019 |
Алматы облысының 49 Ұлттық бюро қызметкеріне жаңа баспананың кілті табысталды |
Талдықорғанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің 49 қызметкеріне Облыс әкімі Амандық Баталов жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті,- деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі NUR.KZ ақпараттық порталына сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Департамент басшылығы, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен қызметкерлердің тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында, ағымдағы жылы 5 қабатты тұрғын үй құрылысының жобасын іске асырылған. Аталмыш тұрғын үй құрылысын "Сурмак"жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қолына алған. 2016 жылдың қараша айында жасалған екі жақты келісім меморандумы арқасында пәтер құны орташа нарықтық бағадан төмен шыққан. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс атқаратын қызметкерлердің 80% - ы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы несие алып, баспаналы болуда. Бүгінгі күні қызметкерлердің... |
Толығырақ... Оқылды: 402 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.04.2019 |
АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ АНТ БЕРДІ |
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан халқы алдында ант берді. Тарихқа алтын әріппен енетін алқалы жиынның төріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ айрықша құрметпен шақырылды. Тұңғыш Президент мінберге көтеріліп, өз орнына жайғасқанша халық қалаулылары ұзақ уақыт бойы қол соғып тұрды. Шараға депутаттардан бөлек, Конституциялық Кеңес пен Үкімет мүшелері, Жоғарғы Сот судьялары қатысты. Толқынысқа толы тарихи сәт отандық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілді. Ант беру шарасы Мемлекеттік Ту мен ҚР Конституциясының салтанатты түрде кіргізілуімен басталды. Жиын тізгінін ұстаған ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин бұдан кейінгі кезекте еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты құрметпен шақырды. Ант беру рәсімінде Конституциялық Кеңес Төрағасы Қайрат Мәмидің сөзінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңымызға... |
Толығырақ... Оқылды: 543 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.03.2019 |
Астана-Отанымыздың жүрегі,Тәуелсіздігіміздің тірегі |
Дәурен Молдағали,Алғабас ауылдық округінің әкімі: Астана-Отанымыздың жүрегі,Тәуелсіздігіміздің тірегі. Астанамыздың абыройы асқақтап, беделі биіктеп, бүкіл әлем көз тігетін, қызыға қарайтын, қазақстандықтар шат-шадыман сезімге бөленетін шаттық шаһарына айналды. Арқаның ажарына, Азаттықтың айғағына баланды. Тәуелсіздігіміздің тұғырына, тұрақтылық пен татулықтың тірегіне, түрік бауырларымыз жаппай жадырап жазып, айтып жатқандай, Түркі әлемінің жүрегіне ұқсатты. Күллі дүние жүзі мойындап отырғандай, осының бәрі де – Көшбасшымыздың көрегендігі мен кемеңгерлігінің, болашақты болжай білгендігінің, батыл бастамашылдығының, ізгілігі мен ізденімпаздығының нәтижелері. Жеңістері мен жемістері. Сол себепті де,еліміздің бас қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгертуіне толық негіз бар деп ойлаймын. |
Толығырақ... Оқылды: 546 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.03.2019 |
Тарихсыз болашақ болмайды |
Қуаныш Дүйсенбаев,аудандық "Жастар ресурстық орталығының" жетекшісі: Күні кеше ғана мемлекетіміздің жаңа президенті сайланып,бас қаламыз Астананы "Нұрсұлтан" деп өзгертуді ұсынды. Біз,жастар Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен толықтай келісеміз. Себебі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бұған толықтай лайықты. Еліміздің бас қаласын осындай дәрежеге көтерген Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі деп білеміз. "Тарихсыз болашақ болмайды" демекші, Елбасынсыз Астана болмақ емес. |
Толығырақ... Оқылды: 439 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.03.2019 |