Жаңалықтар
Еңбегі біз үшін орасан зор |
Лабасы ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Айгуль Новасбаева. Елбасымыз өзінің халқына және әлемдік қауымдастыққа сіңірген тарихи қызметі,еңбегі біз үшін орасан зор Тұңғыш Президентіміздің ұлы есімі мәңгілік жүрегімізде. Қазақстан Республикасының Астанасын елбасымыздын есіміне өзгерткені мен үшін қуанышты жаңалық. Себебі Елбасымыздың халқына сіңірген еңбегі орасан зор бұл халықтың және жастардың бойына тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелейді. Астанамыз "Нұрсұлтан" қаласы болғанына қуанышпен қараймын. Еліміз тұғырлы Қазақстанымыз жайнай берсін! |
Толығырақ... Оқылды: 508 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.03.2019 |
Еліміздің дамуы Елбасымыздың арқасы |
Алматы облысы мәслихатының депутаты, Көксу ауданының "Құрметті азаматы" Секенбай Шеңгелбаев: "Қазақстандық және ел жанашыры ретінде біздің тұңғыш президентімізге, ең алдымен, тәуелсіз мемлекет қалыптастырғаны үшін алғыс айтамын. Біздің өз туымыз, елтаңбамыз бен әнұранымыз бар. Біздің мақтан тұтатын және жақсы көретін көпұлтты Қазақстанымыз бар. "Барлығы үшін рахмет, Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге зор денсаулық, ал біздің жас елімізге гүлдену мен әл-ауқат тілеймін" |
Толығырақ... Оқылды: 486 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019 |
МАҢДАЙҒА БІТКЕН ШОҚЖҰЛДЫЗ |
ҚИСМЕТОВ АЗАМАТ, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы: «Елбасы: «Мен – өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты – Тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңе жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да бір тәуекелге барамын»,- деген болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы біздің маңдайымызға біткен шоқжұлдыз сияқты. Елімізді үлкен аренаға шығару – ол тек дара, дана адамның ғана қолынан келетін іс. Елбасының әр жыл сайынғы Жолдаулары мен бастамалары біздер үшін жол көрсетер бағдаршам іспетті. Елбасына алғысымыз шексіз». |
Толығырақ... Оқылды: 617 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019 |
ҚАЗАҚ ЕЛІ ҮШІН ЕРЕКШЕ ТҰЛҒА |
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев билікте отырған 30 жыл ішінде Қазақстан экономикасы мұнай мен газға бай ресурсының арқасында жоғары қарқынмен дамуда үлкен үлес қосты. Еліміз үнемі даму үстінде, әрі таңғалдырарлықтай жетістіктерге жетті. Қазақстанның әлі талай асуларды бағындырып, дамуы тиіс биік шыңдардан көрінетініне көзім анық жетеді. Қазақ елі үшін Нұрсұлтан Әбішұлы ерекше тұлға . Менің ойымша, Қазақстан тек Орта Азияға емес, бүкіл әлемге айтарлықтай ықпалы тиетін елге айналады. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қарасам, болашақта тамаша елде өмір сүретінімізге кәміл сенемін. 20 наурыз еліміз үшін айтулы дата. Себебі, Тұңғыш Президентіміз өз өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев – Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, ғылым докторы. Ағылшын және қытай тілдерін еркін меңгерген. Басшылық лауазымдарда қызмет етіп, мол тәжірибе жинаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Бұл – оның дипломат рет... |
Толығырақ... Оқылды: 441 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019 |
Ұлы тұлғаның ұлы істері |
Ағымдағы жылдың 19 наурызы күні елімізді 30 жылға жуық басқарған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мерзімінен бұрын отставкаға кетті. Бұл жағдай Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемде үлкен орын алған саяси жағдай болды. Іштей қимаймыз. Рас! Бірақ Елбасының бұл шешімінің өзі айтқандай оңай болмағандығын да жақсы түсінеміз.Ол қазақ халқы үшін Тұңғыш Президент қана емес, ол қазақ мемлекетінің негізін қалаушы. Тұңғыш Президентіміз өкілеттік мерзімінде өте үлкен, сапалы маңызға толы еңбек атқарды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев– әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді. Еліміз егемендігін алып, өз... |
Толығырақ... Оқылды: 450 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019 |
Елбасының ерен еңбегі |
БЕЙСЕНОВ МӘЛІК АМАНБАЙҰЛЫ: «Дүние есігін жаңа ашқан сәби ана сүтінен қуат, ана тілінен нәр алып өссе, біздің мемлекетіміз тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтан қуат алды. Елбасы Отаның тыныш, бейбіт ел болып, берекесі тасып, әлемге үлгі болу үшін жанын сарп қылып, еңбек етті. Қазір қарап тұрсақ, өзге алпауыт мемлекеттермен тереземіз тең. «Бақ тағатты ерге ғана тұрмақ» дегендей, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш заман, соны тілеп, бірлік үшін ерінбей еңбек еткен, ырыс-ынтымақты қадірлеген елге ғана келмек, сонда ғана тұрақтап қалмақ. Ал, осы ырыс-ынтымақ Елбасының арқасы. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бұл күнде Қазақстан халықаралық саяси үнқатысудың бейбіт отанына, алтын көпіріне айналды. Халқымыздың қанындағы көп асыл қасиеттің бірі ақ көңілімен дос құшағын айқара аша білуі. Соның арқасында қаншама ұлт өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Елбасы сөзімен айтсақ, әр республиканың ұлттар достығы... |
Толығырақ... Оқылды: 525 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019 |
Үндеуге қолдау |
Аудандық мәслихаттың хатшысы Әлдибек Досымбеков: "19 наурыз - қазақтың тарихындағы алтын әріптермен жазылған күн болып қалмақ. Мемлекет басшысы 19 жылдың 19 наурызында Астана уақыты сағат 19:00-де лауазымын тоқтатты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «өкілеттілігімді тоқтатамын» дегені әрине баршамыздың көңілімізге кірбің түсірді. Дегенмен, Елбасының өкілеттігін тоқтату туралы шешімі Елбасына деген құрметті арттыра түскендей. Іштей қимаймыз. Рас! Бірақ Елбасының бұл шешімінің өзі айтқандай оңай болмағандығын да жақсы түсінеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - біздің бірінші тұңғыш Елбасымыз! ҚР Сенат басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевқа салиқалы сындарлы саяси жол болсын дейміз! Әлі талай сараптама жасалар! Бірақ ең бастысы еліміздің бірлігі, ынтымағы арта берсін! Ең маңызды айта кетерім, әрбір адам бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің пікірін білдірсе, бұл қоғамдағы азаматтық сезімнің артқандығының белгісі". |
Толығырақ... Оқылды: 554 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019 |
«ҚҰТТЫ МЕКЕН» БОЙЫНША ҚҰТТЫ ЖҰМЫС |
Бәрімізге белгілі, Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде еліміздің әл-ауқатын одан әрі дамыту мәселесі бойынша бірқатар жобаларды нақтылаған болатын. Соның ішінде, «Құтты мекен» бағдарламасы ауылдарды дамытуға арналған бастамалардың бірі. «Ауыл және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған «Құтты мекен» жаңа жобасын ұсынамын. Жоба жұмысын іске асыруды алдымен партияға тапсырамын. Мұндағы басты мақсат - болашағы бар ауылдарды сақтап қалу. Егер жоба сәтті жүзеге асырылса 7,5 мың елді мекен тұрғындарының жағдайын ілгерілету мүмкіндігі туады», - деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы. Елбасының бастамаларын әрдайым орындап жүрген аудандық жолдар бөлімі осы жолы да «Құтты мекен» бағдарламасын қолдап, ауыл дамуына өз үлестерін қосып келеді. Өткен 2018 жылы аудан бойынша бірқатар істер атқарылып, ауданымыздың жолдарына сән кіргендей болды. Нақтылайтын болсақ, ауданның ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жасалынды, яғни, Балпық б... |
Толығырақ... Оқылды: 502 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.03.2019 |
ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ... |
«Жастар – біздің болашағымыз. Оларды жаңа заманда өмір сүруге үйрету – біздің міндетіміз» Н.Ә.НАЗАРБАЕВ Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осы орайда, шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы мерекеде, яғни, наурыздың 14-і көрісу күнінде Еңбекші ауылдық округіне қарасты Зылиха Тамшыбай атындағы шағын орталығы бар орта мектебінің мәжіліс залында «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» атты жастармен кездесу кеші өтті. Аталған кездесуге облыс пен ауданымызға еңбегі сіңген мемлекеттік қызметкерлер, ардагер ұстаздар, талай-талай биік белестерді бағындырған өнер майталмандары мен ауданның Құрметті азаматтары қатысты. Атап айтсақ, қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған «Тақиялы періште» кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдаған майталман әртіс, ҚР «Мәдениет қайраткері», Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімға... |
Толығырақ... Оқылды: 668 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 20.03.2019 |
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жеке тұрғын үйлерді аралауды жалғастыруда |
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және волонтерлермен бірлесіп халықты өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқытуға бағытталған жеке секторды аралау жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Облыс тұрғындарына пешті орнату және пайдалану жөніндегі негізгі талаптар жеткізіледі. Жылыту кезеңі басталғаннан бері 215 мыңнан астам тұрғын үй тексерілді, 277 мың адамды қамти отырып, пештерді, газ жабдығын, электрмен жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратылады. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жыл басынан бері тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың үйлерінде 249 иісті газ датчигі орнатылды. Жеке сектор тұрғындарын оқыту өрттің пайда болуының алдын алудың маңызды мезеті болып табылады, сондықтан ТЖД қызметкерлері жылыту кезеңінің соңына дейін осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады. Алматы облысы ТЖД жылыту маусымы кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады: - барлық... |
Толығырақ... Оқылды: 375 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.03.2019 |