Жаңалықтар

Жетісуда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 300-дей шара өткізілуде

Жетісу облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 300-дей шара өткізу жоспарланған. Бұл мерейтойлық шаралар жыл басынан басталып, бүгінге дейін жалғасып келеді, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жоспарланған мәдени-бұқаралық, патриоттық іс-шаралар өңірдің барлық аудан-қалаларында өтуде, бұл ретте жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша жергілікті жерлерде 9 мамырда өңір басшылығы ҰОС ардагерлерін үйлеріне барып құттықтайды, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіштер мен обелискілерге гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысады. Мәселен, Талдықорғандағы бір көшеге Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы, тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі беріледі. Сонымен қатар «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты жетісулық майдангерлерге қатысты деректерден тұратын жинақ шығарылып, көпшілікке арнайы таныстырылады деп жоспарланып отыр. Ал Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры С.Алексиевичтің «Со...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.05.2025

«Таза Казакстан»:» «Киелі мекен» акциясы аясында 12 тонна кокыс жиналды

Аталмыш шара Акмола, Караганды, Павлодар, Хлытау облыстарында орналаскан ерекше коргалатын табиги аумактарда жене оларта іргелес елді мекендерде отті. Акция 4 ЕКТА - «Каркаралы», «Кекшетау», «Баянауыл», «Хлытау» улттык парктерін камтыды. Улттык, парк кызметкерлері жергілікті тургындармен жене еріктілермен бірлесіп 12 тоннадан астам кокыс жинады. Бул кургатан буталар, кыс мезгілінен кейін кулаган агаштар, турмыстык кокыстар, жапырактар мен балшык шегінділері. Іс-шарага 250-ден астам адам катысты. Мундай акциялар бірегей экожуйелерді сактауга жэне ЕКТА-да коршаган ортанын ластануын болдырмауга багытталган. Естерінізге сала кетейік, «Киелі мекен» акциясы «Таза Казакстан» экологиялык мэдениетін дамыту тужырымдамасы аясында откізілуде. Іс - шаралардын негізгі багыттары - аумактарды абаттандыру, жасыл аймактарды улгайту жэне халыктын экологиялык, мадениетін арттыру. &la...
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.05.2025

6 жылда Казакстандаты ет ендірісі калай езгерді

2018 жылдан бері ет ендірісі 270,5 мын тоннадан 2024 жылы 1,2 миллион тоннага дейін есті. Экспорт айтарлыктай артты, ал кэспорындар саны 171-ден 213-ке дейін улгайды
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.05.2025

Бауыржан Момышұлының портреті Гиннестің рекордтар кітабына енді (ВИДЕО)

«Астана Арена» стадионында 2 736 шаршы метр болатын Бауыржан Момышұлының алып портреті жасалып, ол «Әлемдегі ең үлкен портрет» ретінде Дүниежүзілік рекордтар кітабына енді. Іс-шара Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оған Астананың шығармашылық ұжымдары, педагогтер мен оқушылар қатысып, биіктігі 70 метр, ені 32 метр болатын портретті фотомозайка форматында құрастырып шықты. Әрбір пиксельдің өлшемі 1 шаршы метрді құраған. Іс-шараға арнайы Қытай және Үндістан мемлекетінен өкілдер шақырылды. Рекорд тіркелгенен кейін ұйымдастырушыларға сертификат пен медаль берілді.
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.05.2025

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы па – APLO-2025 өз мәресіне жетті. Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді. Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті – 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды: Рамазан Бутантаев – 10 сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы; Самир Сарбасов – 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы; Тимур Кантаев – 11 сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы; Зере Серікова – 11 сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы; Темірлан Сейтбаттал – 11 сынып, БИЛ,...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.05.2025

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында 13 мың шақырым жол қамтылады. «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады. Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын «Қалбатау – Майқапшағай», «Күрті – Қонаев», «Қызылорда– Жезқазған» және «Ұзынағаш – Отар» жолдарының реконструкциясы жалғасады. Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында «Жезқазған – Петропавл», «Мұқыр – Құлсары», «Қандыағаш – Ембі –Ырғыз», «Қостанай – Қарабұтақ», «Өскемен – Шемонаиха», «Өскемен-...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.05.2025

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы па – APLO-2025 өз мәресіне жетті. Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді. Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті – 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды: Рамазан Бутантаев – 10 сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы; Самир Сарбасов – 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы; Тимур Кантаев – 11 сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы; Зере Серікова – 11 сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы; Темірлан Сейтбаттал – 11 сынып, БИЛ, Ақ...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.05.2025

Талдықорғанда мектепке дейінгі білім беру саласында ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілді

Бүгін Талдықорғанда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ваучерлік қаржыландыру жүйесін пилоттық түрде енгізу басталды. Жаңа тетік ата-аналарға мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар арасында өз қалауы бойынша таңдау жасауға мүмкіндік береді, ал мемлекеттік қаржыландыру балаға бекітіліп, ваучер арқылы жүзеге асырылады. Жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша іске асырылуда, тиісті жоспар бекітіліп, жұмыс тобы құрылған. Процестерді автоматтандыру үшін сынақтан сәтті өткен «E-zhetysu» жүйесі қолданылуда. 1–11 мамыр аралығында техникалық интеграция жүргізіліп, 12 мамырдан бастап ваучерлерді беру басталады. Айта кетсек, облыс орталығында 404 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Жаңа тәсіл орындарды әділ бөлуге, қаржыландырудың ашықтығына және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Толығырақ... Оқылды: 64 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2025

8 млрд теңге қорда: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға қолдау

Бағаның тұрақтылығын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен (ӘМАТ) халықты қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Бағаны тұрақтандыру үшін облыс әкімдігі екі негізгі тетік арқылы жұмыс істейді: тұрақтандыру қорын қалыптастыру және тауар өндірушілерді жеңілдетілген несиелеу. Тұрақтандыру қоры ұзақ сақталатын тауарлармен (қант, қарақұмық, күнбағыс майы, күріш, 1-сортты ұн және т.б.) толықтырылса, несиелеу жүйесі өндірушілерге жылдық 0,01% мөлшерлемемен қаржы алып, айналым қаражатын толықтыруға және өнімді төмендетілген бағамен сатуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қолданыстағы келісімшарттар аясында қоймаларда 8 млрд теңгеге бағаланатын 20 мың тонна азық-түлік тауарлары бар. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында тауарлық интервенция күшейтіліп, Талдықорған қаласының халық тығыз орналасқан аудандарында көшпелі сауда ұйымдастырылуда. Сақтау инфрақұрылымы да дамып келеді: облыс аумағында...
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2025

Талдықорғанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инфрақұрылымның қолжетімділігіне бақылау күшейтілді

Талдықорғанда 5217 мүмкіндігі шектеулі азаматты, оның ішінде 770 баланы қамтитын кедергісіз ортаны қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасын іске асыру аясында 2024–2025 жылдары 35 нысанды бейімдеуге 128 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Қолжетімділікті бағалау қала әкімі бұйрығымен құрылған 11 маманнан тұратын мониторингтік топпен жүргізілуде. Тексеру жұмыстары кіреберіс аймақтарды, қозғалыс жолдарын, санитарлық тораптарды, телекоммуникация желілерін және іргелес аумақтарды қамтиды. 152 мемлекеттік нысанның 124-і бейімделген, 28-і – ішінара бейімделген. Сондай-ақ 100 бизнес нысанға мониторинг жүргізіліп, оның 60-ы талаптарға сай деп танылды. Тексеру қорытындысы бойынша 48 нысанда бұзушылықтар анықталып, жалпы сомасы 4,5 миллион теңгеге айыппұл салынды. Наурыз айынан бастап Талдықорғанда Еуропалық одақтың қолдауымен «Алпамыс» қоғамдық бірлестігі...
Толығырақ... Оқылды: 58 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.