ӘЛЕУМЕТ

Мемлекеттік қызметшілер арасында пейнтболдан жарыс өтті

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай пейнтболдан облыстық жарыс өтті. Оған Жетісу өңірінен 12 команда қатысты. Пейтбол бәсекесі облыстық мемлекеттік қызметшілер арасында тұңғыш рет өтіп отыр.Қатысушылар қатары да көп. Әрқайсысы 5 адамнан құралған 12 команда өзара екі топқа бөлінген. Ұйымдастырушылардың айтуынша жарысты өткізудегі басты мақсат халық арасында сала өкілдерінің беделін арттырып, бірлігін нығайту. Ертеңнен кешке дейін қазіргі заманның қаржы саласы бар, қаржыны жинау, оны орналастыру, осы саланың барлық жұмыстарын игеріп отыру мемлекеттік қызметшілердің мойнында. Сондықтанда мемлекетшілердің жұмысқа деген көзқарасы, жұмыс істеу деңгейі өте жоғары болуы керек. Соған байланысты ұйымдастырылып отырған іс-шара, -деді облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев. Пейнтбол бастапқыда арнайы мақсаттағы әскери жасақтың жаттығуы болған. Кейіннен халық арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, жылдам тарап кетті. Бұл...
Толығырақ... Оқылды: 353 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019

Жұмыстың жаңа форматы парасаттылық идеологиясына негізделген

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру туралы шешім қабылдап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асыруды бастап кеттік. Институционалдық өзгерістерге қарамастан, парасаттылық идеологиясына негізделген жұмыстың жаңа форматы біз үшін басым болып қалуда. Алайда, сыбайлас жемқорлық шенеуніктерді ұстау көңіл-күйді ешкімге көтермейтіндігін жақсы түсінсек те, жұмысымызды әлсіретуге ниетті емеспіз. Бүгін мемлекеттік аппараттағы келеңсіз құбылыстардың бірі - ел ішіндегі іссапарлар барысындағы қызметшілердің теріс қылықтары және отырыс, алым-салық, дастархан жаю және тарту жасау қоса жүретін тамыр жайған, төмен құрылымдарды жаппай тексерулерге назар аудартқым келеді. Бұл проблеманың өткірлігі, әсіресе облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көптеген шағымдарымен расталады, мысалдар да жеткілікті. Біз стандарттарына бой түзейтін ЭЫДҰ елдерінде мұндай мәселе жоқ, ешкім еш...
Толығырақ... Оқылды: 360 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.06.2019

«Жетісу – адалдық алаңы» жолдағы жемқорлық тәуекелдеріне қарсы

Облыстық көліктік бақылау инспекциясы қызметінің жылжымалы бекеттерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі бейім сала. Мәселен, соңғы үш жыл ішінде мұнда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін көліктік инспекцияның 9 қызметкері сотталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды. Өткен жылы Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті «Жетісу- адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында көлік құралдарының техникалық байқау саласында және ірі көлемді көлік құралдарының салмақтық бақылау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді. Алматы облысының ірі көлемді көлік құралдарының салмақтық бақылау саласында жүргізілген мониторинг көрсеткендей, бүгінгі таңда көліктік бақылау жүйесіндегі аталған сала сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне барынша бейім. Бұл саладағы негізгі мәселе - адами фактор, яғни «тікелей байланыстың» болуы. Сондықтан ірі көлемді...
Толығырақ... Оқылды: 468 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.06.2019

ЕЛ СЕНІМІН АҚТАР ПРЕЗИДЕНТ

Елімізде Президент сайлауы өтті. Қалай болғанда да бұл сайлаудан бірінші кезекте ұтатын – халық. Себебі халықтың тұрмысы түзеліп, әл-ауқатының жақсы болуы биліктің тұрақтылығына байланысты екені сөзсіз. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімін бірауыздан қолдады. Халық ел үшін ерінбей еңбек ететін Президентті таңдады жеп ойлаймын. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел тағдыры, болашақ, мемлекет үшін барын салады деп сенемін. Айдана Абдыкалыкова, "Нұрлы Көксу" газетінің тілшісі.
Толығырақ... Оқылды: 368 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019

ХАЛЫҚ САЙЛАҒАН ПРЕЗИДЕНТ

Мен Бәзілов Сайлау Бәзілұлы еліміздің әрбір азаматы өз дауысын беріп, республикамыздың қандай бағытта дамитынын анықтауға өз септігін тигізуі өте маңызды деп ойлаймын. Халық сайлаған Президент ел дамуының бағытын анықтап қана қоймай, елімізді халықаралық деңгейге көтереді. Президент өз сөзінде «Сайлаудың таза, әрі әділ өтуіне кепілдік беремін»,-деп айтты. Бұл халықтың өздері дауыс берген үміткердің сайлануына деген сенімін оятады. Сондықтан халық сайлауда өздерінің қалаған адамына дауыс берді деп ойлаймын. Ел таңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың үмітін ақтайды деп ойлаймын. Сайлау Бәзілов, Көксу ауданының Құрметті азаматы.
Толығырақ... Оқылды: 399 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019

БОЛАШАҚ ҮШІН НАҚТЫ ҚАДАМ

Күні кешегі сайлауда біз өз таңдауымызды жасадық. Ол - Қасым-Жомарт Тоқаев. Еліміздің, жеріміздің дамуы үшін дұрыс таңдау жасадық деп ойлаймыз. Көзіміз көріп, көңілге түйгеніміз - Қасым-Жомарт Кемелұлы қарапайым, білімді азамат. Болашағымыздың тұрақтылық нышаны болады деген үміттеміз. Ол өзінің "Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" атты бағдарламасы арқылы халыққа кемеңгерлігі мен парасаттылығын дәлелдеді. "Ұлт көшбасшысы іс жүзінде тәуелсіз елдегі саяси басқару мен сабақтастықтың мүлде жаңа, озық үлгісін жасап берді. Менің де Президент ретіндегі негізгі ұстанымым мен өмірлік көзқарасым осы бағыттан ауытқымайды. Жоғарыда айтып өткенімдей, елдің өркендеу кепілдігі мемлекетшілдік пен дәстүр сабақтастығында және оған деген құрмет пен адалдықта жатыр. Онсыз ешқашан тұрақтылық та, даму да болмайды. Екінші ұстанымым – әділеттілік. Бұл жалпыадамзаттық әрі дала демократиясынан бастауын алатын, ата-бабамыздан дарыған, ежелден қанымызға сіңген құндылық болатын. Оны жоғалтып...
Толығырақ... Оқылды: 461 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КІЛТІ

Әрбір азамат еліміздің болашағы үшін өз таңдауын жасауы тиіс. Мен де конституциялық құқығымды пайдаланып, сайлауға дауыс беруге бардым. Орталық сайлау комиссиясының шешімімен, Қасым-Жомарт Кемелұлы басымдықпен алға шықты. Бұл жалпы жеңіс деп есептеймін. Кемел келешек үшін дұрыс таңдау жасалды деп ойлаймын. Маман Қаблисанов, аудандық мәслихат депутаты
Толығырақ... Оқылды: 515 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019

ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ - ТОҚАЕV

Бәрімізге белгілі, 9 маусым күні еліміз үшін өте маңызды әрі жауапты кезең - кезектен тыс президенттік сайлауы өтті. Бұл сайлау - біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Сол себепті де, біз - жастар, өз дауысымызды ҚР-ның президенті болуға әбден лайықты деген үміткерге дауыс бердік. Ол - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Және сол кісінің жеңіске жеткеніне қуаныштымыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы - осы уақытқа дейін еліміз үшін елеулі еңбек етіп келді. Премьер министр болған жылдары ел экономикасы айтарлықтай жақсарды. Шет мемлекеттермен де байланысымыз тұрақты түрде орнады. Алғаш президенттік қызметке тағайындалған уақытта өзінің білімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Халықпен кері байланысты орнату мақсатында әкімдер мен министрлерге әлеуметтік желіде аккаунт ашуды тапсырды. Себебі, қазіргі жаһандық заманда интернет - таптырмас құрал. Тіліміздің мәртебесін де назардан тыс қалдырмады. «Бұл— өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс...
Толығырақ... Оқылды: 395 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019

Ұйым жұмысы қорытындыланды

Кезектен тыс сайлау кезінде Алматы облысы бойынша төрт құқық бұзушылық анықталды. Оның екеуі ұйымдастқан түрде өткен. Бұл туралы облыстық «Аманат» платформасының жетекшісі Қайрат Жаңабаев айтты. Баспасөз мәслихаты барысында алда атқарылатын жұмыс барысы да баяндалды. Сонымен қатар маңызды кезеннің әділ өтуін қамтамасыз еткен. Ұйымның мақсаты сайлау үдерісіне мониторинг жүргізіп, ашықтықты қадағалау. Жалпы бірлестікте штаб бірлестіктермен қатар, сарапшылар мен жастар да бар. Айта кетсек, «Аманат» платформасы 15 мамырдан бері 5 басты бағыт бойынша өз жұмысын жүргізді. «Болашақта платформамыздың үлкен жоспарлары бар. Оның біріншісі әлеумет жағынан үлкен проектіні қолға алмақпыз. Жастарға көмек көрсету, жұмыспен қамту. Бизнес центрлерді ашу сияқты жобалар жүзеге асырылады»,-деді облыстық «Аманат» платформасының жетекшісі Қайрат Жаңабаев.
Толығырақ... Оқылды: 344 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019

Көксу ауданында қырық жылдан аса күрделі жөндеу көрмеген мектеп қайта жаңғыртылудан өтеді

Аудан басшысы Алмас Әділ Злиха Тамшыбай ауылындағы З.Тамшыбай атындағы орта мектепке барды. 640 оқушыға арналған білім мекемесінде қазір 302 бала оқып жатыр. Мектеп директоры Гүлмира Садырбаеваның айтуынша, ғимарат 1974 жылы салынған. 1998 жылы мектеп терезесі, 2004 жылы мектеп жабындысы ауыстырылған. Содан бері білім мекемесіне бірде бір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. Қазір тозығы жеткен мектептің демонтаж жұмыстары аяқталып, іргетасының, қабырғаларының сесмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы мектептің күрделі жөндеуіне 502 миллион теңге бөлінген. Мердігер компанияның айтуынша жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жылыту және желдету, су және кәріз жүйелерін, ішкі электржүйелерін, өртке қарсы дабл жүйелерін, балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйелерін орнату қарастырылған екен. Мердігер «Жібек Жолы құрылыс сервис» компаниясы мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарын 20-тамызға дейін аяқтауды уәде етіп отыр. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысып шыққан а...
Толығырақ... Оқылды: 352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.