ЖАҢАЛЫҚТАР
Цифрлық трансформация: Қазақстанда технологиялардың көмегімен тұрмыс сапасы қалай жақсарады |
Primeminister.kzсайтының редакциясы Қазақстанның 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастырады. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауында цифрландыру саласында қол жеткізілген нәтижелерді күшейтудің маңызын атап өтті. Жасанды интеллект технологияларын «Электронды үкімет» платформасына енгізу саласында жұмысты ерекше жандандыру қажет. Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында ілгері жетістіктерді көрсетіп отыр. Біздің еліміз 193 мемлекет арасында 24-ші орында, сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшының қатарына кіреді. Мысалы, интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті. Сонымен қатар биометриялық сәйкестендіру және QR-қолтаңба қызметтері енгізілуде, бұл электронды қызметтерді алу үдерісін едәуір жеңілдетті. 2024 жылы QR-кодтардың көмегімен 8 млн-нан астам қол қойылды, ал Digital ID жүйесі арқылы 18 мл... |
Толығырақ... Оқылды: 108 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.12.2024 |
Талдықорғанда Жетісу облысындағы алғашқы Үстел теннисі орталығы ашылды |
Жетісу облысының спорт объектілерінің қатары тағы бір жаңа нысанмен толығып, бүгін Талдықорған қаласында жеке кәсіпкердің қаражатына салынған Үстел теннисі орталығы ашылды. Бұқаралық спорт нысанының салтанатты ашылуына облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР Үстел теннисі федерациясының вице-президенті Елсияр Қанағатов, Атлантадағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Мәулен Мамыров, «Қазақстан барысы» тұңғыш турнирінің жеңімпазы Ұлан Рысқұл, спорт ардагерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Орталықтың ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Бейбіт Исабаев бұқаралық спортты дамытудағы атқарылған шараларға қысқаша тоқталып, қолданысқа беріліп отырған жаңа нысанның жастарды тәрбиелеуде үлес қосатынына сенім білдірді: - Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша», - деп атап өткен болатын. Осы орайд... |
Толығырақ... Оқылды: 115 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.12.2024 |
Жетісу облысында есірткі қылмысы 23 пайызға төмендеді |
Жыл басынан бері Жетісу облысында есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты 145 құқық бұзушылық тіркелді. Оның 72-сі есірткі қылмысы ретінде жіктелген, оның ішінде 43 сату фактісі және аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаудың 12 фактісі бар. Өткен жылмен салыстырғанда есірткі қылмыстарының саны 23%-ға төмендеп, 72 жағдайға жетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Эмиль Шарменов мәлімдеді. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 692 кг есірткі тәркіленді. Оның 235 келісі марихуана, 66 келі синтетикалық есірткі және 385 келі қарасора. Екі есірткі лабораториясы таратылып, 14 адам, оның ішінде 5 кәмелетке толмағандар ұсталды. Тергеу қорытындысы бойынша сотқа 93 қылмыстық іс жіберіліп, 78 адам сотталды. Атап өтейік, облыс бойынша есепте 230 нашақор тұр, олардың басым көпшілігі 18-29 жас аралығындағы жастар. Бір жыл ішінде ста-ционарлық емдеуден 68 пациент өтті, олардың 65-і ерікті түрде жүгінген. |
Толығырақ... Оқылды: 98 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.12.2024 |
Жетісу облысында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелері ерекше бақылауда |
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік әкімшілендіру мамандары тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шаралар туралы айтып берді. Кедендік бақылау шеңберінде кеден органы зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері анықталған кезде тауарларды шығаруды күнтізбелік он күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Жыл басынан бері Жетісу облысында зияткерлік меншігі бар тауарларға 85 декларация тоқтатылды. Кеден бекеттері арқылы жылжытуға тырысқан негізгі сауда белгілері: «Bosch», «XCMG», «NGK», «ZEPTER», «Polaris», «Philips», «Kunlun», «Adidas», «Nike». Сыртқы экономикалық қызметтің 1 қатысушысы бойынша әкімшілік іс қозғалды және сотқа жіберілді. Мысал ретінде «Нұр жолы» кеден бекетінде жүк шиналарын алып шығ... |
Толығырақ... Оқылды: 104 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.12.2024 |
Жетісу облысында мемлекеттік аудит нәтижесінде 1,4 млрд теңге қаржылық бұзушылық анықталды |
Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылдың алғашқы 10 айында белсенді жұмыс атқарып, мемлекеттік ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және қаржылық заңдылықтардың сақталуын бақылау бойынша бірқатар маңызды шараларды жүзеге асырды. Бұл туралы Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Жетісу облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Мұсаұлы баяндады. 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 82 аудиторлық тексеру жүргізді. Жалпы 11,4 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылып, 1,4 млрд теңге қаржылық және 6,2 млрд теңге рәсімдік бұзушылықтар анықталды. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 92,1 млн теңгесі бюджетке қайтарылып, 266,6 млн теңге қалпына келтірілді. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар бойынша 55 лотта 1,08 млрд теңгеге бұзушылықтар тіркелді. Тәртіптік жауапкершілікке 66 лауазымды тұлға тартылып, 378 тұлғаға жалпы сомасы 44 млн те... |
Толығырақ... Оқылды: 105 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.12.2024 |
Тұрғын үй құрылысынан зейнетақыны көбейтуге дейін: 2024 жылы Үкіметтің әлеуметтік қолдауының негізгі шаралары |
Әлеуметтік төлемдер мен жалақыны арттыру, тұрғын үй құрылысы, денсаулық сақтау және білім беру салаларын жаңғырту. 2024 жылы қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің экономикалық даму стратегиясының негізінде азаматтардың мүддесі болуы қажет екені атап өтілді. 2024 жылы Үкімет бұл бағытты маңызды әлеуметтік бастамалармен жүзеге асыруды жалғастырды. Primeminister.kzсайтының редакциясы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және еліміздің ұзақмерзімді әлеуметтік-эконмикалық мақсаттарын іске асыруға бағытталған биылғы жылдың маңызды бастамалары мен жетістіктері туралы шолулар сериясын жариялайды. 2024 жылы Қазақстанда әлеуметтік сала қарқынды дамуын жалғастырды. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында білім, денсаулық сақтау салаларының сапасын арттырып, азаматтарды әлеуметтік қорғауды нығайту қажеттілігін атап өтті. Осы міндеттерді... |
Толығырақ... Оқылды: 101 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.12.2024 |
Жетісу облысында Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жол құрылысы келесі жылы басталады |
Жетісу облысының ең негізгі табиғи әрі туристік көрнекті жерлерінің бірі – Бұрханбұлақ сарқырамасына апаратын жолдың құрылысы келесі жылы басталады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Ескелді ауданы – туристік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Осы жылдың 10 айында туристерді қабылдайтын нысандарда 41 мың адамға қызмет көрсетіліп, соның ішінде ақылы қызмет көрсету көлемі 25 млн. теңгеге жетті. Осы ретте Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 31 км автожолды жөндеу жұмыстары келесі жылы басталатынын атап өту керек. Бұл мақсатқа 2025 жылы республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге қаражат бөлінеді. Сондықтан туризмді дамыту үшін инфрақұрылымды жақсартып, жаңа қонақ үйлер, демалыс базаларын салып, жолдарды жөндеу қажет. Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы көрікті жерлерді кеңінен насихаттап, экотуризм мен агротуризм бағыттарын дамыту керек, - деп атап өтті өңі... |
Толығырақ... Оқылды: 71 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.12.2024 |
Тегін заң көмегін алу құқығы |
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабына сәйкес, әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі. Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін алуға барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқығы бар. Құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі: 1)Алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата — анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға; 2)Мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлықзомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға; 3)Асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бой... |
Толығырақ... Оқылды: 70 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.12.2024 |
Тиімді пайдалану – экономикалық өсім |
Еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін тиімді пайдалану – экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды жолдарының бірі. Бүгінгі таңда жаһандану мен күшейген бәсекелестік жағдайында өнеркәсіп саласын жан-жақты дамыту – уақыт талабы. Біріншіден, өнеркәсіп әлеуетін іске асыру үшін инфрақұрылымды дамыту қажет. Қазіргі заманға сай жолдар, көлік торабы, электр және су желілерінің болуы – инвесторларды тартудың басты шарттарының бірі. Инфрақұрылымның дамуы елдің ішкі және сыртқы байланысын нығайтып, өнеркәсіптік жобалардың жүзеге асуына ықпал етеді. Екіншіден, инновация мен жаңа технологияларды енгізу маңызды. Цифрландыру дәуірінде өндіріс орындарын жаңғырту, заманауи технологиялар мен автоматтандыру жүйелерін қолдану өнімділікті арттырып, шығындарды азайтады. Бұл өз кезегінде отандық өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Үшіншіден, адами капиталды дамыту мәселесіне назар аудару қажет. Өнеркәсіп саласы білікті мамандарға мұқтаж. Сонды... |
Толығырақ... Оқылды: 64 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.12.2024 |
Жетісуда бәсекелестік пен тұтынушылар құқықтарын қорғауда нақты нәтижелерге қол жеткізілді |
Жетісу облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті өңірдегі бәсекелестік ортаны дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Бұл туралы Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы Маржан Кальменова баяндады. Департаменттің араласуымен: «Домофон Сервис» және «Куликова» жеке кәсіпкерлері тұтынушыларды таңдау құқығынан айырған біріңғай тарифтерді жоюға міндеттелді. «Қорғас-Коммерц» ЖШС жолаушылар тасымалы бойынша әділетсіз келісімдерді тоқтатты. Монополияға қарсы заңнаманы сақтау мақсатында 33 нұсқама шығарылды, олардың ішінде маңыздысы – «Жетісу газ сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметі заң талаптарына сәйкестендірілді. Сонымен қатар, департамент тауар нарықтарын зерттеп, 21 талдау жүргізді. Бұл жұмыстар нарықтағы әділ... |
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.12.2024 |