ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Ыстық ұя» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жетісу облысында «Ыстық ұя» экологиялық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – тұмса табиғатты қорғау мен экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығына халықтың назарын аудару, сондай-ақ жергілікті құстарға қолайлы орта жасау. Іс-шара барысында қатысушылар ұя жасап, оларды жасыл аймақтарда, саябақтарда және құстардың ұя салуына қолайсыз жерлерге орнатты. Акция аясында білім беру дәрістері мен шеберлік сыныптары өткізіліп, ол халықтың, әсіресе жастардың, экожүйені қорғау мен құстардың маңыздылығы туралы экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталды. «Таза Қазақстан» жобасы аясында елімізде экологиялық мәдениетті дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғат тазалығын сақтау идеяларын насихаттау жалғастырылуда. «Ыстық ұя» экологиялық акциясы аймақта тұмса табиғатты қорғау мәселелерін шешуде маңызды қадам болып отыр. «Ыстық ұя» экологиялық акциясы айма...
Толығырақ... Оқылды: 264 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.03.2025

Жетісу жеріндегі туризм Алакөл, Балқаш көлдерінің, "Алтынемел", "Жоңғар Алатауы" ұлттық парктерінің, Бұрқанбұлақ сарқырамасының, Жоңғар Алатауы тау сілемдерінің әлеуетіне басымдық береді

Жетісу жеріндегі туризмді дамыту су, экология және тау туризмдеріне арқа сүйейді, яғни 5 дестинацияға негізделген. Атап айтқанда, олар – Алакөл, Балқаш көлдері, «Жоңғар Алатауы» мен «Алтынемел» Ұлттық парктері және тау туризмі. Инфрақұрылымды дамыту бағытында қабылданған шаралардың арқасында өткен жылы өңірдің туристік нысандарына 2 миллионнан астам адам келді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артық. Ал өңірдің туризм саласына тартылған инвестициялар көлемі шамамен 12 млрд. теңгеге жетті, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, өңірде туризмді дамыту мақсатында туристік объектілерге апаратын жолдар мен инженерлік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, бірінші кезекте Алакөл көліне көлікпен жетуге қолайлы жағдай жасалған. Атап айтқанда, «Талдықорған – Үшарал» (313,5 км) және «Үшарал –...
Толығырақ... Оқылды: 189 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.03.2025

Биыл Жетісуда спортты дамытуға 21,8 млрд теңге бөлінеді

Жетісу облысында спорттық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Өңірде дене шынықтыру және спортпен айналысуға арналған 1099 спорт нысаны жұмыс істейді. 2025 жылы бұл салаға 21,8 млрд теңге бөліну жоспарланған. Облыста әртүрлі елді мекендерде орналасқан 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді: • Жансүгіров ауылы (Ақсу ауданы); • Үшарал қаласы және Достық ауылы (Алакөл ауданы); • Қарабұлақ ауылы (Ескелді ауданы); • Балпық Би ауылы (Көксу ауданы); • Жаркент және Текелі қалалары (Панфилов ауданы). Бұдан бөлек, Алакөл ауданының Лепсі ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 180 орындық жатақхана құрылысы жүргізілуде. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спортқа ерекше көңіл бөлінуде. Жетісу облысындағы «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығында» 24 спорт түрі дамып жатыр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, 1519 мүмкіндігі шектеулі адам спортпен айналысты, бұл медициналық қарсы көрсет...
Толығырақ... Оқылды: 185 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.03.2025

Жетісу облысында қаржы пирамидаларына қарсы күрес күшейтілді

Жетісу облысында қаржы пирамидаларына қарсы күрес аясында өткен жылы заңсыз қызмет атқарған төрт қаржы пирамидасының әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Еркін Тюмелиев мәлімдеді. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, «Qnet», «Amanat Drive», «Elous», «Livegood» сияқты қаржы пирамидаларының заңсыз әрекеттері салдарынан 300-ге жуық азамат 306 миллион теңге шығынға ұшыраған. Жәбірленушілердің негізгі бөлігі – мұғалімдер мен үй шаруасындағы әйелдер. Сонымен қатар, биыл ақпан айында еліміздің барлық өңірінде ауқымды операция жүргізіліп, «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды. Аталған ұйым тұрғын үй кооперативі ретінде жасырынып, азаматтарды жылжымайтын мүлік пен көлік сатып алуға инвестиция салуға шақырған. Ұйымдастырушылар ай сайын 30%-ға дейін пайда береміз деп уәде етіп, халықты алдап келген. Құқық қорғау органдарының жү...
Толығырақ... Оқылды: 187 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.03.2025

Көктемгі шақыру науқаны барысында 2000 мыңға жуық азамат әскерге шақырылады

1 наурыздан бастап елімізде мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды, ол 29 маусымға дейін жалғасады. Жетісу облысында 18 бен 27 жас аралығындағы екі мыңға жуық азамат көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында мерзімді әскери қызметке жіберілмек. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскери құралымдарына – алдын ала наряд бойынша 963 адам жоспарда тұр. Атап айтсақ, Қарулы күштерге – 500 адамға жуық, Ұлттық Ұланға – 355 адам, ҰҚК шекара қызметіне – 100 сарбаз және ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне 10 азаматты шақыру жоспарланған. Әскерге шақырылатындарды хабардар ету жеке шақыру қағаздарын үйлеріне және қызметтік мекенжайларына жіберу арқылы жүзеге асырылады. Ал, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату қызметтерін азаматтарға жергілікті атқарушы органдар «электрондық үкімет» порталы арқылы ақысыз көрсетіледі. Сайтта egov.kz барлық жергілікті әскери басқару органдарында бұл мәселені шешу кезінде басшылыққа алынатын жадынама...
Толығырақ... Оқылды: 191 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.03.2025

"Қазақстан – бейбітшілік пен келісімнің мекені"

. Қазақстан – көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет. Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз бейбітшілік пен келісімнің үлгісін көрсетіп, әлемдік аренада өзін тұрақты әрі бейбітшіл ел ретінде таныта білді. Мемлекетіміздің сыртқы саясаты да бейбітшілік қағидаттарына негізделген. Еліміздің ішкі тұрақтылығы мен ұлтаралық келісімі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының жүйелі жұмысының нәтижесі. Бұл институт этносаралық қатынастарды нығайтып, қоғамдық тұрақтылықтың кепіліне айналды. Көксу ауданы да елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Ауданымызда түрлі этностардың мәдени орталықтары жұмыс істеп, өзара түсіністік пен достық қарым-қатынасты дамытудың жарқын үлгісін көрсетуде. Көксу ауданының аумағында 10 ауылдық округ, 34 елді мекен бар, Көксу ауданында бүгінгі таңда халық саны 41634 адам, оның ішінде 19 ұлт өкілдері бар. Сонымен қатар, 2 тіркелген этномәдени орталық жұмыс істейді (...
Толығырақ... Оқылды: 209 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.03.2025

Қасиетті Рамазан айында Түркия елінен 3 қари келеді

Биыл барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталып, 29 наурызға дейін жалғасады. 30 наурыз күні Ораза айттың алғашқы күні. Ал Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-не қараған түні болады. Бұл туралы Жетісу облысының Бас имамы Керімбек Дәуітов баспасөз мәслихатында баяндады. Рамазан айы әрбір адамды қайырымды іс жасауға, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, рухани жаңғыруға шақырады. Осы тұста облыста аз қамтылған отбасылар үшін қайырымдылық шаралары қолға алынбақ. Атап өтейік, биыл пітір садақа мөлшері екі келі ұнның орташа бағасымен есептеліп, 655 теңге болып белгіленді. Ораза ұстаудан жүкті және бала емізетін әйелдер, жеті жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ егде жастағы және денсаулығының нашарлығына байланысты ораза ұстауға мүлдем жарамсыз адамдар босатылады. Дін істері басқармасының басшысы Сағыныш Жаңабайдың сөзінше, мешіттердегі ауызашар беру рәсімдерінде ысырапшылдыққа жол берілмей, мейлінше қарапайым деңгейде өткізу және халыққа жалпы ауызашарды даңғаза тойға ай...
Толығырақ... Оқылды: 168 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.02.2025

Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы Көксу ауданының тұрғындарымен кездесті

Көксу ауданында Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы Құсаинов Сарқытбай Зәкірұлы халықпен кездесу өткізіп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Кездесуге аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлы, департамент өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, ақсақалдар кеңесі, депутаттар және аудан тұрғындары қатысты. Өз баяндамасында Сарқытбай Зәкірұлы 2024 жылғы жұмыс қорытындысын баяндап, аудандағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылған шараларға тоқталды. Сондай-ақ, мал ұрлығы, интернет алаяқтық, жол-көлік оқиғалары мен нашақорлыққа қарсы күрес мәселелеріне тоқталды. Кездесу барысында осы тақырыптарға арналған бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, кездесу барысында кинолог мамандар жарылғыш заттар және есірткіні анықтау бойынша қызметтік иттердің мүмкіндіктері мен қоғамдық тәртіпті қадағалау әдістерін көрсетті. Құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды. Аудан...
Толығырақ... Оқылды: 168 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.02.2025

«Жаңа ғасыр» театры Жетісу төрінде!

Алматы қаласы әкімдігінің «Жаңа ғасыр» театры 25-28 ақпан аралығында Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында өнерсүйер қауымға арналған гастрольдік іссапарын өткізеді. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Жаңа ғасыр» театрының директоры Асанәлі Әшімұлы мәлімдеді. Гастроль аясында театр ұжымы көрермендерге бірнеше көркем спектакльдерді сахналайды. Атап айтсақ, театрсүйерқауым Б.Беделханның «Тағдыр тақтасы», Е.Ташкенбайдың «Соңғы қоңырау», «Алматы махаббатым» спектакльдерін тамашалай алады. Және Р.Томанның «Сегіз әйел» детективті қойылымының премьерасын ұсынады. Әрбір қойылым өзіне тән мазмұны мен актерлердің шеберлігімен ерекшеленеді. Гастрольдік сапардың басты мақсаты – мәдени байланыстарды нығайтып, театр өнері арқылы Жетісу тұрғындарымен жақын танысу, сондай-ақ, Алматы қаласының мәдениетін басқа өңірлерде кеңінен таныту.
Толығырақ... Оқылды: 183 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.02.2025

Жетісу облысында заңсыз балық аулаудың 14 фактісі анықталды

Жетісу облысында балық қорын сақтау үшін күрес күшейе түсуде. Жетісу су айдындарында инспекция мен құқық қорғау органдары бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде заңсыз балық аулаудың 14 дерегі тіркелді. Тексеру барысында құқық бұзушылар моноталшықтан жасалған ау пайдаланғаны анықталды, бұл су биоресурстарына айтарлықтай зиян келтіреді. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған бес азамат ұсталды. Балық қорын сақтау мақсатында Қазақстанда 100 мм-ден кіші көзді моноталшықты ауларды қолдануға, сондай-ақ уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған. Аталған талаптарды сақтамаған тұлғаларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бақылауды күшейтумен қатар, Жетісу облысында балық шаруашылығы қарқынды дамуда. Бүгінде өңірде 28 балық өсіру шаруашылығы жұмыс істейді, ал 2024 жылы 893,96 тонна тауарлық балық өсірілді. Сонымен қатар, экологиялық іс-шаралар аясында су айдындарының экожүйесін сақтау және ластанудың алдын алу мақсатында жыл сайын «Таза су айдында...
Толығырақ... Оқылды: 170 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.02.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.