Жаңалықтар
Жетісу облысында газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр - тұрғындардың 70%-дан астамы газбен қамтылады |
2030 жылға дейінгі «Жетісу облысын кешенді газдандыру» өңірлік схемасы аясында аймақтағы 358 елді мекеннің 192-сіне табиғи отын жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі таңда 84 ауылға инфрақұрылым тартылып, бұл жалпы жоспардың 58,2%-ын құрап отыр. Нәтижесінде 400 мыңнан астам адам (101,8 мың абонент) өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік алды. Президент тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы тағы 42 елді мекенге көгілдір отын беріледі деп жоспарланған. Осы мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттерден жалпы сомасы 7,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 21 жоба – 2024 жылдан өтпелі. Қоғалы ауылынан басқа барлық нысандарда жұмыстар аяқталды. Бұл елді мекенде газ құбырының 80 шақырымынан 35 шақырымы тартылды. 24 жаңа жоба бойынша 3,5 млрд теңге игерілді, алдағы уақытта тағы 18 жобаның құрылысы басталмақ. Бұл жұмыстардың жалпы құны – 15,9 млрд теңге. Аталған жобаларды аяқтау үшін Энергетика министрлігі қосымша 25,6 млрд теңгеге бюджет өтінімін жолдады. Атқарылып жатқан шарал... |
Толығырақ... Оқылды: 60 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.05.2025 |
Қазақстандық оқушылар APhO-2025 Азия физика олимпиадасында бірден 8 медаль жеңіп алды |
2025 жылғы 4–12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында 25-ші Азия физика олимпиадасы (APhO-2025) өтті. Беделді халықаралық додаға 30 елден 240-қа жуық мектеп оқушысы қатысты. Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті — барлық сегіз қатысушы да жүлдегер атанып, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Астана қаласындағы NurOrda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова олимпиадаға қатысушы ең үздік қыз бала ретінде арнайы «Best Female» сыйлығына ие болды. Күміс медаль иегерлері: Амирбек Азатбеков – Астана қаласындағы ФМБ НЗМ; Нұргүл Егенбергенова – NurOrda мектеп-лицейі, Астана қаласы; Амир Пшенбаев – Spectrum International School, Астана қаласы; Артур Ким – Spectrum International School, Астана қаласы. Қола медаль иегерлері: Роман Черемнов – Miras International School, Алматы қаласы; Ілияс Қазымбек – Республикалық физи... |
Толығырақ... Оқылды: 76 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.05.2025 |
Қазақстанда Репродуктивті денсаулық апталығы басталды |
12-16 мамыр аралығында елімізде республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Шараның мақсаты – халықтың, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулық туралы білімін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасы институтын нығайту. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасы репродуктивті денсаулықты қорғау бағытындағы мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Президент отбасы құндылықтарын нығайту мен демографиялық ахуалды жақсарту мәселесіне үнемі айрықша назар аударып келеді. Апталық аясында облыс бойынша жастар денсаулық орталықтарында және алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында ашық есік күндері, дәрістер, тренингтер және онлайн-вебинарлар ұйымдастырылады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйел... |
Толығырақ... Оқылды: 73 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.05.2025 |
Доссор кентіндегі жаңа өрт сөндіру депосы 15 мың тұрғынды қорғайды |
Атырау облысының Доссор кентінде жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Ол 40 шақырым радиустағы 15 мыңнан астам адамның өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа нысан өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға ден қою уақытын едәуір қысқартады. Заманауи модульдік ғимарат жергілікті бюджет есебінен қысқа мерзімде салынды және тәулік бойы жұмыс істеуге қажетті барлық заттармен жабдықталған: диспетчерлік бөлме, оқу сыныбы, демалыс бөлмелері және ас үй. Кезекші ауысымның қарамағында — үш машина, оның ішінде автоцистерналар мен жедел ден қою автокөлігі бар. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов пен Атырау облысының әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қатысты. Шыңғыс Әрінов ауылдық инфрақұрылымды дамыту мен шалғай аудандардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру министрліктің негізгі міндеті болып қала беретінін атап өтті. Ол жергілікті биліктің осындай жобаларды іске асырудағы рөлінің маңыздылығын да атап өтті: «Мұ... |
Толығырақ... Оқылды: 81 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.05.2025 |
2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік–экономикалық даму мәселелері |
Ұлттық статистика бюросының болжамды деректеріне сәйкес, еліміздің 2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік–экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары. Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 6%-ды құрады. Экономиканың негізгі салаларында: көлікте (22,4%), саудада (7%) даму қарқынының артқаны байқалады. Өсім ауыл шаруашылығы (3,9%) және байланыс (2,6%) салаларында да тіркелді. Көлік саласындағы өсім саланың жалпы көлеміндегі үлестері тиісінше 20,5% және 19,6%-ды құрайтын темір жол және құбыр көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер көлемінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Жоғары динамика Түркістан (21,8%), Жамбыл (11,2%) және Абай (14,9%) облыстарында тіркелді. Құрылыс саласында нақты жұмыс көлемінің индексі 16,2%-ды құрады. Сонымен қатар құрылыс кезеңін ескере отырып, жұмыстарды орындау қарқынын арттыру және жобалар құнының өсуіне жол бермеу үшін жергілікті жерлерде қажетті үйлестіруді қамтамасыз ету тапсырылды. Сауда саласы бірі... |
Толығырақ... Оқылды: 73 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.05.2025 |
Бүгін аналар күні |
????Бүгін Қазақстанда Аналар күні аталып өтуде! Бұл – мейірім мен махаббаттың, төзім мен даналықтың мерекесі. Барша аналарды осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір күндеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын! ????Сегодня в Казахстане отмечают День матерей! Это праздник доброты, любви, терпения и мудрости. От всей души поздравляем всех мам с этим прекрасным днём! Пусть каждый ваш день будет наполнен радостью и счастьем! |
Толығырақ... Оқылды: 63 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 11.05.2025 |
Бүгін Қазақстанда Аналар күні аталып өтуде! |
Бұл – мейірім мен махаббаттың, төзім мен даналықтың мерекесі. Барша аналарды осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір күндеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын! |
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.05.2025 |
Алакөл ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті |
Бүгін ауданымызда адамзат тарихындағы ең ұлы жеңістердің бірі — Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы ерекше құрметпен аталып өтті. 1941 жылы басталып, төрт жылға созылған алапат соғыста Кеңес Одағы құрамындағы халықтармен бірге қазақстандық жауынгерлер, соның ішінде Алакөл өңірінің ұл-қыздары да майдан шебінде жауға қарсы жан аямай шайқасты. Қан майданда көрсеткен ерлік пен батырлық, тылдағы табандылық пен төзім — бүгінгі бейбіт өмірдің негізі болып қаланды. Осыған орай, Үшарал қаласындағы Д. Қонаев атындағы орталық алаңда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған тағылымды еске алу шарасы өтті. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне және көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың монументіне гүл шоқтары қойылып, мәңгілік алауға тағзым жасалды. Жиналған көпшілік майдан даласында қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті. Бұл – Отан үшін от кешкендердің есімі... |
Толығырақ... Оқылды: 78 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.05.2025 |
2025 жылдың соңына дейін 130-дан аса гидротехникалық нысан көпфакторлы тексерістен өтеді |
Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр. Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда тексеріс жүргізіледі. Көпфакторлы тексеріс нысанның және ондағы жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Былтыр министрлік еліміздің 14 облысындағы 84 нысанда көпфакторлы тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл бастапқыда жоспарланғаннан көп. «Жаңа Су кодексіне сәйкес, гидротехникалық нысандардың иелері әр бес жыл сайын өздеріне тиесілі құрылыстарға көпфакторлы тексеру жүргізуге міндетті. Тексеріс нәтижесінде қауіпсіздік декларациясы жасалып, ол бассейндік су инспекциясында тіркелуі қажет», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов. |
Толығырақ... Оқылды: 79 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.05.2025 |
TurkicSkills-2025: тұңғыш кәсіби шеберлік чемпионаты түркі әлемінің мәдени астанасы Ақтауда өтеді ????????Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты 2025 жылды |
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты 2025 жылдың күзінде ресми түрде түркі әлемінің мәдени астанасы танылған Ақтау қаласында өтеді. Бұл – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, кәсіби кеңістік құруға және түркітілдес елдердің жас мамандары арасында тәжірибе алмасуды ынталандыруға бағытталған ауқымды бастама. Чемпионат жастардың әлеуетін ашуға, заманауи технологияларды ілгерілетуге және уақыт талабына сай білікті жаңа буын кадрларын даярлауға арналған маңызды алаң болмақ. Чемпионатқа 16 мен 22 жас аралығындағы 100-ден астам жас маман мен 80-ге жуық жоғары білікті сарапшы қатысады деп күтілуде. Қатысушы елдер қатарында: Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Моңғолия бар. Жарыстар ақпараттық технологиялар, құрылыс және құрылыс технологиялары, өндірістік және инженерлік технологиялар, әлеуметтік және ж... |
Толығырақ... Оқылды: 88 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.05.2025 |