Жаңалықтар

Жетісу облысында заңсыз балық аулаудың 14 фактісі анықталды

Жетісу облысында балық қорын сақтау үшін күрес күшейе түсуде. Жетісу су айдындарында инспекция мен құқық қорғау органдары бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде заңсыз балық аулаудың 14 дерегі тіркелді. Тексеру барысында құқық бұзушылар моноталшықтан жасалған ау пайдаланғаны анықталды, бұл су биоресурстарына айтарлықтай зиян келтіреді. Табиғат қорғау заңнамасын бұзған бес азамат ұсталды. Балық қорын сақтау мақсатында Қазақстанда 100 мм-ден кіші көзді моноталшықты ауларды қолдануға, сондай-ақ уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған. Аталған талаптарды сақтамаған тұлғаларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бақылауды күшейтумен қатар, Жетісу облысында балық шаруашылығы қарқынды дамуда. Бүгінде өңірде 28 балық өсіру шаруашылығы жұмыс істейді, ал 2024 жылы 893,96 тонна тауарлық балық өсірілді. Сонымен қатар, экологиялық іс-шаралар аясында су айдындарының экожүйесін сақтау және ластанудың алдын алу мақсатында жыл сайын «Таза су айдында...
Толығырақ... Оқылды: 151 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.02.2025

Жетісу облысында коммуналдық қызметтерге жаңа тарифтер енгізілді

Табиғи монополияларды реттеу департаменті коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын ескере отырып, жылу және сумен жабдықтау тарифтерін бекітті. Бұл шара энергетика және коммуналдық секторды жаңғыртуға бағытталған ұлттық жоба аясында жүзеге асырылуда. Жаңа ережелерге сәйкес, жылумен жабдықтауға арналған әлеуметтік лимиттер тұрғын үй алаңына байланысты белгіленді: • 100 ш.м. дейін – базалық тариф, өзгеріссіз қалады; • 100–200 ш.м. – тариф 10%-ға артады; • 200 ш.м. жоғары – орташа босату тарифі қолданылады. Сумен жабдықтауға байланысты тарифтер төрт деңгейге бөлінді, тұтыну көлеміне қарай: • Айына 3 текше метрге дейін – базалық тариф бойынша төлем; • 3–5 текше метр – 20% қымбат; • 5–10 текше метр – 50% қымбат; • 10 текше метрден жоғары немесе есептегіші жоқ болса – 100% қымбат. Дифференциалды тарифтерден түсетін қосымша табыс коммуналдық инфрақұ...
Толығырақ... Оқылды: 85 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.02.2025

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында 2000 мыңға жуық жол қауіпсіздігі ережелерін бұзушылар анықталды

18-21 ақпан аралығында Жетісу облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын және апаттарды азайтуға бағытталған рейдтер ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін 64 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары көлік құралын мас халде басқару бойынша 10 жайтты анықтады. Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдаланғаны үшін 182, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін 114 әкімшілік хаттама толтырылды. Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермегені үшін 44 дерек анықталды. Атап өтейік, Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтарға, оның ішінде жол қозғалысы саласындағы заң бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыра отырып, қоғамда «Заң және Тәртіп»...
Толығырақ... Оқылды: 86 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.02.2025

Жетісу облысында жастар және отбасы саясаты дамуда

Жетісу облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында жастар бастамаларын қолдауға 10 грант бөлінді. Бағыттары: ғылым, мәдениет, IT, бизнес және медиа. Өңірде отбасылық саясат белсенді түрде дамуда. Қыркүйек айында Отбасы күніне арналған 76 іс-шара өткізілді, оған 43 мыңнан астам адам қатысты. «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңіне 30 отбасы қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды. 2024 жылы жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған 2789 іс-шара өткізіліп, шамамен 173 мың адам қамтылды. Сондай-ақ, өткен жылы мемлекеттік тапсырыс аясында жастар саясатын жүзеге асыру үшін 8 жоба іске асырылды. Олардың ішінде волонтерлікті қолдау, нашақорлықтың алдын алу, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту және «Жасыл ел» штабының ұйымдастырылуы бар.
Толығырақ... Оқылды: 97 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.02.2025

Жетісу облысында су басу қаупі бар 47 елді мекен анықталды

Бүгінгі таңда облыс аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты. «Қазгидромет» алдын ала болжамына сәйкес, су басу қаупі жоғары аймақтарға Алакөл, Ескелді, Кербұлақ және Көксу аудандары жатқызылған. 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындық аясында 2024 жылы 34 іс-шара жүргізілді. Сонымен қатар, 6-7 ақпан күндері «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында облыс аумағында алты өзеннің арнасын бекіту және үш су ағызу каналының тазарту жұмыстары жүргізілді. «Жалпы, облыс бойынша су басу қаупі жоғары 47 елді мекен анықталды. Оның ішінде 43 елді мекенде дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында су басу қаупі барынша төмендетілді, ал қалған 4 елді мекенде жұмыстар белгіленген мерзімге сәйкес жүргізілуде», – деді Қалдыбек Төлеуұлы.
Толығырақ... Оқылды: 79 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.02.2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жетісулықтардың жеңіс тарихы» атты жинағы жарық көрмек

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай облыс әкімінің қолдауымен, Жетісу облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Жетісулықтардың жеңіс тарихы» атты жинақ дайындалуда. Кітаптың 1000 данадан аса нұсқасын шығару жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінтің ақпараттық алаңында мәлім болды. 2024 жылдың қараша айынан бастап жинаққа қатысты құжаттар зерттеліп, жинақтау жұмыстары басталды. Басқарма басшысының бұйрығымен архив қызметкерлері қаңтар айында Алматы қаласындағы Республикалық мемлекеттік архиві, Ғылыми-техникалық құжаттар архиві, Кино-фото және дыбыс құжаттары архиві және Алматы облысының мемлекеттік архивтерінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 323 құжаттар мен фотоқұжаттар алып келініп, жинақтың сұлбасы әзірленіп жатыр. Атап өтейік, бүгінде елді мекендердегі майдангерлердің ұрпақтарынан 58 азамат облыстық архивке келіп құжаттарын тапсырды. Бұл құжаттар бойынша зерделеніп, жинаққа енгізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар...
Толығырақ... Оқылды: 152 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.02.2025

Жетісуда «Мизам» әдебиет мектебі құрылды

Жетісу өңіріндегі шығармашыл жастардың шабытын шыңдау мақсатында еліміздегі тұңғыш авторлық жоба – әдебиет мектебі құрылды. Оның басты мақсаты: Жетісу облысында ақындық мектеп қалыптастыру, жастарды ақындық өнерге баулу, жазба ақындардың талантын ашып, шығармашылыққа шабыт беру. Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсету. Жас ақындардың шығармашылығының шындалуына және әдеби ортада танылуына жол ашу. Өңір әдебиетінде жаңа есімдерді қалыптастыру. Өнер мектебіне Жетісу облысының шығармашылыққа қызығушылығы бар 6-10 сынып аралығындағы оқушылары қатыса алады. Әдеби мектептің форматы: жылжымалы. Яғни, мұнда ауылдағы әдебиетке әуес оқушылар ақын-жазушыларды өңірдегі танымал қаламгерлер өздері іздеп барып, оқытады. Жылжымалы мектеп облыстың әр аудан орталығында/қалада 1 апта сабақ өткізеді. Әдебиет мектебі шығармашылықтың жеті бағыты бойынша жұмыс істейді. 2 лектор «Оқу әдебі» және «Жазу мәнері» сабағынан дәріс өткізеді. Оқу әдебінен – ҚР Мәдениет қ...
Толығырақ... Оқылды: 143 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.02.2025

Жетісу облысындағы экологиялық жағдай: ластауыш заттардың көлемі азайды

Жетісу облысында қоршаған ортаны қорғау бағытында оң динамика байқалды. Өткен жылы ауаны ластаушы заттардың шығарындылары 13,3 мың тоннаға жетіп, бекітілген жылдық лимиттен айтарлықтай төмен болған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Жыл басынан бері Экология департаменті тарапынан 48 нысанға бармай тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 13 объектіде заңбұзушылықтар анықталды. Барлық тексерулер қорытындысы бойынша 35 нұсқама беріліп, оның 20-сы орындалды. Сондай-ақ, азаматтар мен кәсіпорындардың шағымдары негізінде 3,1 млн теңге айыппұл салынды. Рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды. Жыл басынан бері ғарыштық мониторинг арқылы 243 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, оның 229-ы жойылды. Сонымен қатар, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 7 ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімдерінің орынбасарларына жалпы 664 560 теңге көлемінде айыппұл салынды. 2025 жылға Жетісу облысының жергіліктің бюджетінен 29 су объектісіне, су қорғау аймақтары...
Толығырақ... Оқылды: 137 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.02.2025

Маңызы бар инфрақұрылымдық жоба

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпір – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жоба. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып, өңір тұрғындарының көпжылдық көлік қатынасы мәселесін түбегейлі шешті. Көпірдің ашылуы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, өңірдің экономикалық дамуына да үлкен серпін берді. Бұрынғыдай ұзақ айналма жол жүріп, уақыт пен қаражат жоғалтудың қажеттілігі жоқ. Енді көлік қатынасы үздіксіз әрі қауіпсіз болып, тауар айналымы мен кәсіпкерлік қызмет жандана түсті. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадам. Жобаның жоғары инженерлік стандарттарға сай жүзеге асырылуы – еліміздің инфрақұрылымдық дамудағы жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын дәлелі. Бұқтырма көпірі – жай ғана көлік дәлізі емес, ол – қауіпсіздіктің, тиімділіктің және өңірлік дамудың символы. Осындай ауқымды жобалардың жүзеге асырылуы – еліміздің әлеуметтік-экономика...
Толығырақ... Оқылды: 111 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2025

ЖЕТІСУДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗЫЛУЫ ЖОЙЫЛДЫ

ҚазақстанРеспубликасыБәсекелестіктіқорғаужәнедамытуагенттігініңЖетісуоблысыбойыншадепартаменті(бұданәрі-Департамент)«Жастар»спорт клубы»МКҚК,ЖетісуоблысыныңденешынықтыружәнеспортбасқармасыжәнеТалдықорғанқаласыныңтіркеужәнежеркадастрыбөлімінеНұсқамаларшығарып,монополияғақарсызаңнаманыңбұзушылықтарынжойды. Тексерубарысында«Жастар»спортклубыныңЖарғысынамонополияғақарсыорганменкелісілмегенқызметтүрлеріенгізілгеніанықталды.Жарғыныденешынықтыружәнеспортбасқармасыбекітіп,Тіркеужәнежеркадастрыбөліміндеқайтатіркеуденөткен,алайдаспортклубтарыменкомандаларқызметінжүргізугемонополияғақарсыорганныңкелісіміболмаған. ҚРКәсіпкерліккодексінежәне«Заңдытұлғалардымемлекеттіктіркеутуралы»ҚРЗаңынасәйкесмемлекеттіккәсіпорындармонополияғақарсыорганныңкелісімінсізқызметтүрлерінөзгертенемесекеңейтеалмайды,сондай-аққайтатіркеуденөтеалмайды. Бүгінгікүніанықталғанбұзушылықтаржойылды,ДепартаменттіңНұсқамаларыорындалды.
Толығырақ... Оқылды: 107 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.02.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.