ӘЛЕУМЕТ
ӘДІЛ САЙЛАУ - ӘДІЛЕТТІЛІК НЫШАНЫ |
Президенттік сайлау– елдегі демократияны нығайту жолындағы үлкен қадам. Сол қадамның дұрыс жасалуы - әділ өтуіне байланысты. Әділ сайлау - әділеттілік нышаны. 9 маусым - Қазақстан халқының тағдырын шешетін күн. Бұл күн біздер үшін өте маңызды. Сол себепті де, мен де айтулы күнге өзімнің сүбелі үлесімді қосуға тырыстым. Таңның атысымен өзімнің тұрақты мекенімнен сайлау уческесіне бардым. Бұл менің ең алғашқы дауыс беруім. Елімнің болашағын ойлайтын, Тәуелсіздігіміздің айбынын асқақтататын азаматты мемлекет басшысы ретінде ұсыну мен үшін абыройлы іс болды. Сайлаудың әділ әрі тыныш өткеніне қуаныштымын. Еліміз жасасын! Президент жасасын! Диляра Юсупова, "Нұрлы Көксу" газетінің тілшісі. Мен Абдыкалыова Айдана Жандарбекқызы сайлау ашық әрі әділ өтті деп ойлаймын. Себебі, сайлаудың әділ, ашық, заңды түрде ұйымдастырылып, өткізілуін бақылаушылар бақылауында болды. Олар сайлау процессін жіті бақылап, оның әділ де ашық болуын, заңдылықтың сақталуын қадағалады.... |
Толығырақ... Оқылды: 454 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2019 |
Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады? |
Биыл шілде айында қазақстандықтарды 22 жұмыс және 9 демалыс күні күтіп тұр. “Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы”заңға сәйкес 6 шілде елорданың мерекесі болғандықтан бұл күні қазақстандықтар демалады. 2019 жылы 6 шілде сенбі күніне түсіп тұр. Сол себепті демалыс күні 8 шілдеге ауысады, яғни дүйсенбі күніне. Сондықтан бес күндік жұмыстағы қазақстандықтар үш күн демалады. Бұл 6-8 шілде аралығына келіп тұр. Астана күні– Қазақстанның мемлекеттік мерекесі. 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстанның Жоғарғы кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы шығарған. 1998 жылы 6 мамырда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Ақмола Астана болып өзгерді. Ал 2019 жылдың 20 наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде ант қабылдағаннан кейін Астананы Нұр-Сұлтанға ауыстыруды ұсынды. |
Толығырақ... Оқылды: 413 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2019 |
Көксу ауданында қырық жылдан аса күрделі жөндеу көрмеген мектеп қайта жаңғыртылудан өтеді |
Аудан басшысы Алмас Әділ Злиха Тамшыбай ауылындағы З.Тамшыбай атындағы орта мектепке барды. 640 оқушыға арналған білім мекемесінде қазір 302 бала оқып жатыр. Мектеп директоры Гүлмира Садырбаеваның айтуынша, ғимарат 1974 жылы салынған. 1998 жылы мектеп терезесі, 2004 жылы мектеп жабындысы ауыстырылған. Содан бері білім мекемесіне бірде бір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. Қазір тозығы жеткен мектептің демонтаж жұмыстары аяқталып, іргетасының, қабырғаларының сесмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы мектептің күрделі жөндеуіне 502 миллион теңге бөлінген. Мердігер компанияның айтуынша жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жылыту және желдету, су және кәріз жүйелерін, ішкі электржүйелерін, өртке қарсы дабл жүйелерін, балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйелерін орнату қарастырылған екен. Мердігер «Жібек Жолы құрылыс сервис» компаниясы мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарын 20-тамызға дейін аяқтауды уәде етіп отыр. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысып шық... |
Толығырақ... Оқылды: 417 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2019 |
Алматы облысында оқыс оқиғадан екі бүлдіршін көз жұмды |
Кеше Жамбыл ауданының Еңбекшіарал ауылында, сағат 17.30 шамасында, екі бірдей бала тоққа түсіп мерт болды. Үй алдында ашық тұрған құдыққа құлаған баланың бірі 4 сынып, бірі 2 сынып оқушысы. Оқыс оқиға орын алған уақытта әкесі мал алдына шығып кеткен. Ал, анасы жұмыста болған. Кешкі сағат 19.00-де үйіне келген анасы балаларын тауып, өзі шығарып алған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері бүлдіршіндерді құтқару мүмкін болмағандығын айтады. «Кешкі сағат 20.00 шамасында жеке тұрғын үй ауласынан тоққа түскен екі бала табылды. Құдықтан шығарылған балаларды құтқару мүмкін болмады. Себебі ұрған тоқ күші көп болған, әрі оқиға 2 сағат өткенен кейін хабарланды. Қазіргі уақытта ата-ана балаларын патологоанатомиялық тексеруден бас тартты» , - дейді жергілікті аурухана дәрігері А. Калдарбекова. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қара жамылған ата-анаға, туған-туыстарына көңіл айтып, жерлеу рәсімін ұйымдастыру шаралар өз мойнына алды. |
Толығырақ... Оқылды: 396 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.06.2019 |
Талдықорғанда Рәміздер күні аталып өтті |
Рәміз - халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгі боп саналады. Осы орайда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында рәміздер күніне арналған шара өткізілді. Кез-келген мемлекеттің көркейіп, гүлденуі сол мемлекеттің төл рәміздеріне деген құрмет сезімінен өрбиді. Осыған орай «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Базарұлы мен Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов жастарға елді сүю, тіл мен тарихты білу, рәміздерді құрметтеу тақырыбында әңгіме өрбітіп, жастарды патриоттыққа тәрбиеледі. Әр елдің халықтары өздерінің мемлекеттік рәміздерін мақтан тұтады. Өз елінің Елтаңбасының, Туының бейнесін және Әнұранын біліп қана қоймай, олардың маңыздылығы мен мазмұнын білу қажет. Ол үшін олардың пайда болу тарихы туралы түсінік болу керек. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні – біздің отанымыз үшін маңызды мереке. Өзінің еліне деген сүйіспенші... |
Толығырақ... Оқылды: 366 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.06.2019 |
Алматы облысында «Аманат» азаматтық платформасының жұмысы қорытындыланды |
Талдықорғанда жаңадан ашылған «Social center» әлеуметтік орталығында «Аманат» сайлауға мониторинг жүргізу азаматтық платформасының атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебін берді. Жалпы, Алматы облысы бойынша 25 мобильді капитандар, 1040 тәуелсіз бақылаушылар бекітілген. Облыс бойынша «Аманат» азаматтық платформасымен 32 іс-шара ұйымдастырылды. «Аманат» азаматтық платформасы штабының жетекшісі Қайрат Темірғалиұлы мен штаб мүшелері 17 аудан, 3 қала бойынша оқыту тренингтерін өткізіп, Жетісу Мемлекеттік университетінің белсенді жастарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Аманат» азаматтық платформасының жұмысы туралы түсіндірілді. 27 мамыр күні «Аманат» Алматы облыстық штабында Нұр- Сұлтан қаласының бас штабымен онлайн конференция өткізілді. Сонымен қатар, Президенттікке үміткер 7 партияның штаб-пәтерімен кездесу өтті. «Біз бұл сайлаудың заңды әрі өте әділетті өтуін қадағалаймыз. 9 маусым күні &... |
Толығырақ... Оқылды: 468 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.06.2019 |
Панфилов ауданындағы су тасқынына байланысты арнайы комиссия жұмыс жасауда |
Панфилов ауданының Пенжім ауылдық округінде орын алған сел салдарын жою жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел мәлімдеді. «Қазселденқорғау» мекемесі, әскери қызметкерлер мен басқада құзырлы мекемелермен бірге 200-ге тарта адамдар мен 40 техника көшелер мен ауладағы қалдық суды сорғызып, шағыл төсеу жұмыстарын жасауда. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар бөлімі, арнайы сала мамандары әр үйлерді тексеріп, материалдық шығындарды анықтау үстінде. Еске сала кетейік, 3 маусым күні Пенжім ауылында ауа температурасының көтерілуі мен жауын-шашын салдарынан сел жүрген болатын. Салдарынан 270 үйдің ауласына су кірген. Бастысы адам шығыны мен қираған үйлер тіркелмеген. Қазірдің өзінде жергілікті кәсіпкерлер отбасыларға азық-түлік, ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауылда жарық, су инфрақұрылым барлығы қалыпты жұмыс жасауда. |
Толығырақ... Оқылды: 435 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.06.2019 |
Алматы облысында шомылу маусымына дайындық пысықталды |
Суға шомылу маусымы басталды. Бұл суға түсу кезіндегі қауіпсіздік туралы ойлайтын уақыт. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімшелері жаз маусымына әзірлікке келтіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Адамдар суда қауіпті жағдайда болатын себептерінің бірі - жүзе білмеуі немес өз күштерін дұрыс бағаламауы, жеке құтқару құралдарысыз балық аулау, жабдықталмаған жерлерде суға шомылу. «Судағы жазатайым оқиғаны болдырмау үшін тек жабдықталған шомылу орындарына бару, суға түсу үшін тұрақты орынды анықтау, өз жақындарыңыз бен достарыңыздың қауіпсіздікке көзқарастарын тексере отырып, оларға арнайы жабдықталған орындар туралы хабарлаңыз. Алысқа жүзер алдында арқаға жатып суда демалуды үйрену керек. Бір-бірінің үстіне мініп, қолдары мен аяқтарынан ұстап суда ойнауға тыйым салынады. Өзендер мен көлдерді жүзіп өтуге тырыспаңыз, себебі сіз өз күшіңізді есептей алмай қалуыңыз мүмкін»... |
Толығырақ... Оқылды: 443 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2019 |
Көпбалалы аналар қуанышқа кенелді |
Рамазан айында еліміздің түкпір-түкпірінде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созғандардың саны күннен-күнге өсіп келеді. Сондай игі іс Алматы облысының Райымбек ауданында да жүзеге асты. Райымбек ауданында 423 аз қамтылған және 829 көпбалалы отбасы бар. Солардың бірі Сарыжаз ауылындағы көпбалалы Исаевтар әулеті. Ұзақ жылдар бойы жалдамалы пәтер жалдап келген жанұяға алты бөлмелі баспананың кілтін сол ауылдың О.Атеев, Т.Төлемісов, Н.Чубанов, Б.Кейкеев, Е.Жүнісбеков, О.Әбдіразақов, ағайынды Ғалым, Нарын сынды кәсіпкер азаматтары демеушілік жасап, сыйға тартты. Исаевтар әулеті 7 баланы тәрбиелеп отыр. Үлкені 2002 жылғы, Талғар қаласындағы педагогикалық коллеждің білімгері болса, үйдің кенжесі 2016 жылы дүниеге келген. Ақ кимешек киген әжелер үйлері құт-берекеге толы болсын деп шашу шашса, жасы үлкен ақсақалдар бата беріп, аудан әкімі Жолан Омаров жылы лебізін білдірді. «Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде «көп балалы және тұрмысы... |
Толығырақ... Оқылды: 525 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2019 |
Алматы облысында «Бақытың жаныңда» жобасы басталды |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Бақытың жаныңда» жобасының бастау алатындығын жариялайды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Жадыра Иманғалиева «Жоба аясында мемлекеттік қызметшілердің жас отбасылары марапатталып, қоғамға мемлекеттік қызметте жүріп отбасын құрудың қиын еместігін жеткізуді алға қойып отырмыз», - деп айтты. Отбасы - бұл махаббат, құрмет, ынтымақтастық және бауырмалдық көзі, онсыз адам бола алмайды. Отбасыдан адамның өмірі басталады, осында азамат болып қалыптасады. Отбасының арқасында мемлекет нығайып, дамиды, халықтың әл-ауқаты өседі. Барлық замандарда еліміздің дамуы туралы - отбасының қоғамдағы жағдайы және оған деген мемлекеттің көзқарасы негізінде бағаланатын. Анықтамалық: 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдайы бойынша Алматы облысын... |
Толығырақ... Оқылды: 333 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.05.2019 |