ӘЛЕУМЕТ
ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына байқау жарияланды |
Талдықорғанда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында, Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленуге арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады. Баспасөз мәслихатына Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Әсет Шаяхметов, «Dolce Pharm» бренділі «Dolce Group» ЖШС Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Ли мен «Alugal» ЖШС бас директоры Анар Көкенова қатысты. Байқаудың басты мақсаты – отандық өндірушіні қолдау, отандық тауар мен қызмет сапасының жоғарылауына, сондай-ақ отандық өндірушілердің бәсекелік қабілеті мен сапа идеясы танымалдығының артуына ықпал ету. Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Әсет Шаяхметовтың айтуынша, екі байқау да қазақстандық өндірістің сапасын танымал ету үшін өткізіледі. &... |
Толығырақ... Оқылды: 387 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.05.2019 |
Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлер арасында отбасы слеті өтеді |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасы отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Бақыт жанында» жобасының бастау алатындығын жариялап, Алматы облысы Мемлекеттік қызметкерлерінің отбасы слетін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес, өзгермек те емес. Елбасы «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәселенің біздің қоғам үшін маңызын көрсетіп берді. 1993 жылдың 20 қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясы 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық Отбасы күні мерекесін бекітті. Осылайша, Отбасы күні Қазақстанда атаулы күн ретінде тойланып келеді. «О... |
Толығырақ... Оқылды: 340 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.05.2019 |
Білім министрлігі диплом беруді электронды форматқа көшірмекші |
Білім және ғылым министрлігі білім жүйесін толығымен электронды форматқа көшіруді жоспарлап отыр. "Диплом беру, диплом алу – барлығы электронды форматқа көшіріледі. Сонда ғана жемқорлыққа жол берілмейді. Егер электронды форматта болса, бақылау болады", - деді министр журналистерге. Сондай-ақ, ол жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаңа курс енгізіліп жатқанын атап өтті. "Біз бұл жұмысты бастап кеттік. Биыл сауалнама жүргізген кезде, балалардың 70%-тен астамы жемқорлықпен бетпе-бет келмегенін айтты. Бірақ қалған процент бізді әлі де алаңдатады, сондықтан бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз", - деп сендірді Шәмшидинова. Бұған қоса, министр емтихан жұмыстарын анонимді тексеру жүйесін енгізу, барлық жұмысты антиплагиатқа тексеру жемқорлыққа тосқауыл болатынын айтты. |
Толығырақ... Оқылды: 345 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2019 |
Алматы облысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 615 грант беру көзделген |
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылдан бастап іске асырылуда. Тоқсаныншы жылдардан бастап әлеуметтік-экономикалық даму бағытын айқындап алған елімізде жұмыссыздықты азайту мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы» сынды түрлі бағдарламалар қабылданып, «Қазақстан – 2050» стратегиясына және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, адами капитал сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау бағытына басымдық берілді. «Еңбек» бағдарламасы осы секілді ірі бастамалардың заңды жалғасы болып есептеледі. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар санын арттыру, ауылда және қалада микрокредит беру арқылы азаматтардың өзін өзі жұмыспен қамтуын ынталандыру. Сайып келгенде, бұл еліміздегі кә... |
Толығырақ... Оқылды: 344 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.05.2019 |
Талдықорғанда Үкіметтік емес ұйымдарға тегін қызмет көрсететін орталық ашылды |
Алматы облысында үкіметтік емес ұйымдардың өз мүмкіндіктерін толық пайдалану, интелектуалдылық, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жаңа орталық бастама алды. Жаңа мекеменің ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Жылқышыбайұлымен қатар АҚШ бас консулдығының өкілі Карли Ван Орман да қатысып, лентасын қиды. «Social center» деп аталатын әлеуметтік орталық қоғамдағы үкіметтік емес ұйымдардың одан ары дамуына үлкен септігін тигізеді. Себебі, әлеуметтік жаңа бастама аясында барлық жағдайлар жасалынған. Осы орталықтың бастамасымен креативті жобаларды қолдау көзделген және кез-келген қызмет тегін көрсетіледі. Сонымен қатар, түрлі шаралар мен жиындар өткізіп, ортақ жобаларды талқылайды. Бұдан бөлек ұйым жетекшілері шет тілдерді оқып, компьютерлік сауаттылығын арттырады. Әрі әлеуметтік мәселелерге қатысты идеяларын жүзеге асырады. Оларға менеджерлер жан-жақты көмек көрсететін болады. Жалпы, Алматы облысында 1012 Үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың 4... |
Толығырақ... Оқылды: 354 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.05.2019 |
Талдықорғанда «Аманат» азаматтық алаңының семинар- кеңесі өтті |
Алматы облысында сайлаудың әділ өтуі үшін қолға алынған жұмыстарымен таныстыру мақсатында, журналистер үйінің мәжіліс залында «Аманат» азаматтық алаңының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Алматы облысының «Аманат» Азаматтық платформасының жетекшісі Қайрат Тұрсынғалиұлы мен «Аманат» Азаматтық платформасының мүшелері Лепсібаев Шыңғыс, Тұрсынов Аким және аудан, қалалардағы мобилді капитандар қатысты. Баспасөз мәслихатынан кейін аудан, қалалардан келген мобильді капитандардың қатысумен семинар-тренинг өтті. Семинар барысында платформа мүшелері аудандар мен қалаларға бекітілген мобилдьді капитандардың жұмыс бағыттарын айтып, сайлау үшін қажетті жағдай жасаудың бес негізгі бағытын түсіндірді. Сонымен қатар, сайлау бөлімшелеріне бекітілген бақылаушылардың құқықтары мен жүктелген міндеттерін түсіндіру, олардың жұмысын қадағалауға басшылық жасау бойынша дәрістер өтті. Сондай-ақ, сайлау күні сайлаушылардың дауыс беруі кезінде заңсыздықта... |
Толығырақ... Оқылды: 589 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.05.2019 |
Жетісулық кәсіпкерлер 6 бірдей көп балалы және аз қамтылған отбасыға үй сыйлады |
Алматы облысы, Алакөл ауданында «1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі қарсаңында кәсіпкерлер бастамасымен қайырымдылық іс-шарасы өткізіліп, 6 аз қамтылған, көп балалы отбасыларға тұрғын үй кілттері табысталды. Бүгінде қоғамда қайырымды игі іс жасап, қол ұшын созар жомарт азаматтар саны көбейіп келеді. Солардың бірі Екпінді ауылдық округінде орналасқан «Майқынов Е» ШҚ басшысы Майқынов Ермек Серікбайұлы «Күміс алқа» иегері, көпбалалы ана Сартбаева Қарақатқа 7 бөлмелі үйді сыйға тартты. «Ауданымызда көпбалалы аналар саны аз емес. Солардың бірі алты баланың анасына үйдің кілтін табыстап отырмын. Ауданымызда басталған мұндай қайырымдылықтар әрі қарай жалғасын тауып, қазақтың әрбір батыр аналарының көңілі тоқ болсын», - дейді жеке кәсіпкер. Дәл осындай қуанышқа Қабанбай ауылының тұрғындары, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған Старченко Зоя Сергеевна мен көп балалы ана, «Күміс алқа» иегері Ақшолақова... |
Толығырақ... Оқылды: 356 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.05.2019 |
ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА |
Сәуір айының 9-ы күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мақсатында «Алматы облысы бойынша терроризмге қарсы тұрғындардың қауіпсіздігіне және құқық бұзушылықтың алдын-алуға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» атты лот аясында семинар өтті. Бұл жиынға ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті академиясының оқытушылары Болат Шоманов, Евгений Ли, аудандық мектеп оқытушылары мен ІІБ түгелдей қатысты. Семинардың басты мақсаты: террорлық әрекет кезіндегі іс-әрекеттер туралы мағлұмат беру. Осы туралы еліміздегі болып өткен террористтік жағдайларды видеоролик түрінде көрсетіп, қауіп деңгейлерін түсіндірді. Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себе... |
Толығырақ... Оқылды: 462 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.04.2019 |
Лучших фотографов наградили в Жетысу |
В Доме журналистов города Талдыкорган подвели итоги фото-конкурса «Мой Жетысу», где наградили самых талантливых и креативных фотографов в области. На прием заявок от участников, организаторы выделили месяц времени, в период которого комиссией было утверждено 58 работ от 18 желающих. Претендентов было больше, однако некоторые были отсеяны. По словам организаторов и членов комиссии, эти работы не соответствовали требованиям конкурса. «Фото- конкурс «Мой Жетысу» проходил с 10 февраля по 10 марта текущего года. Организатором выступил «Союз фотографов и видеографов» региона, а огромную поддержку оказало управление внутренней политики Алматинской области. Пользуясь, случаем, хочется поблагодарить руководство управления внутренней политики и его команду, которые всегда оказывают помощь в проведении подобных мероприятий. По трем номинациям к нам поступило большое количество работ, поэтому по ним у нас 3 призовых места. Несмотря на то, что приняли уч... |
Толығырақ... Оқылды: 346 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.04.2019 |
«Үндеуге-қолдау» |
«Тарихи сәтке куә болып отырған, тәуелсіз елдің жастарымыз. Біз Елбасының салған даңғыл жолымен келеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде айтқандай, жастарға үлкен сенім артты. Сондықтан біз, жастар бұл жолды әрі қарай жалғастырамыз. Елімізді дамытуға бар күш-жігерімізді саламыз. Қазір Астананың атауын өзгерту туралы халық көп пікір білдіруде, соған қарамастан, біз Нұр-Сұлтан атауы да болашақта жаңа бренд болып қалыптасатынына сенімдіміз». Бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеуі жариялап, кезектен тыс Президенттік сайлау қашан өтетінін мәлімдегендігі біз үшін көптен күткен жаңалықтардың бірі болды. Біз Елбасыныңсара жолыменжүреміз.Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығыретінде мемлекетіміздің іргесімығым.Алдағы Президент сайлауы осыған дәлел болуы керек. Сондықтан, елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп,алға басу үшін,әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерділайықты жүзеге асыру үшінбізге айқындық қажет. Оның үст... |
Толығырақ... Оқылды: 461 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.04.2019 |