ӘЛЕУМЕТ
Жетісу журналистері FIFA турниріне қатысты |
Талдықорғанда облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойына орай, FIFA-дан қалалық турнир өтті. Аталмыш турнирге БАҚ өкілдерінен құралған 6 командадан 5 қатысушы қатысты. Турнирдің басты ұйымдастырушылары «Алматы облысының ішкі саясат басқарамасы», «Рухани жаңғыру» орталығы және облыстық «Жетісу» телеарнасы. Шараның басты мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, қатысушылардың шеберлігін шыңдау. Тартысты ойында Ішкі саясат басқармасының намысын қорғап шыққан «Turan» командасы бас жүлдеге ие болды. «Қазіргі таңда "Play Station" ойын консольін білмейтін жасөспірім кемде-кем. Олардың маңыздылығы әлі күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ. Қарсыластарымыз өте мықты. Жеңіске жету оңайға түскен жоқ. Мұндай жарыстар әлі де жалғасын табатынына сенімім мол. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз», -деді бас жүлде иегері Арсен Бесетаев. Айта кетейік, аталмыш доданың қатысушылары... |
Толығырақ... Оқылды: 384 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.05.2019 |
Талдықорғанда алғаш рет киберспорттық турнир өтті |
Демалыс күндері қаламызда алғаш рет «Taldyqorgan ESPORTS CUP» киберспорттық турнирі өтті. Жарыс ауқымды ойын алаңына айналды. Шараға жалпы алғанда 200-дей адам қатысқан. Басым көпшілігі оқушы мен студенттер. Киберспорт – компьютер ойындары арқылы өткізілетін топтық жарыс түрі. Киберспорт дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан «спорт» ретінде саналады. 1997 жылдан бастап осы кезге дейін турнирлер әр жыл сайын «Warcraft III», «LoL», «Dota2», «Counter-strike» және де «Starcraft» атты компьютер ойындарынан өткізіліп келеді. Бұған қоса киберспорт дамыған Россия, Корея, Қытай секілді мемлекеттерде киберспортсмендерді оқытып шығаратын арнайы кафедралар 2015-і жылдан бастап студенттер қабылдап, үйрете бастаған. Жанат Омарұлының бұл ойын түрінен 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Оның айтуынша, Қазақстанда интернет желісінің төмендігі ең ауқымды мәселе екен. Біздің жылдамдықпен қазақстандықтардың... |
Толығырақ... Оқылды: 331 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.05.2019 |
Алматы облысында дәрілік препараттарды сату мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары басталды |
Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Дәрілік препараттарды сату мәселесі»бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Онда Талдықорған қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Өмірзақ Әбілсейітұлы дәрі-дәрмек саудасына байланысты салалық министрліктің түсіндірме жұмыстарын баяндады. Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасарының айтуынша, биыл елімізде Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты фармация мен қоғамдық денсаулық сақтау комитеттері біріктіріліп, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті болып құрылуда. «Дәрі-дәрмектердің рецепт бойынша сатылуы қоғамда маңызды мәселе болып тұр. Дәрмектерді тиімсіз қолданудан адамның денсаулығына зиян келтіретін фактілер кездесуде. Сала мамандары дәрілік заттарды қабылдауда оны сату бойынша дәрігерлер мен жеке кәсіпкерлерге қолданыстағы талаптардың қағидаларын сақтау қажеттігін атап өтті. Мамандардың айтуынша, елімізде дәрілік з... |
Толығырақ... Оқылды: 370 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.05.2019 |
Көпбалалы отбасыларға көрсетілер көмек көп |
Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шарлары елімізде кешенді түрде іске асып келеді. Оларға көрсетілер көмек түрі де жыл сайын артуда.Бұл туралы облыс орталығы Талдықорғанда «Алматы облысының әлеуметтік картасының мақсаттарын жүзеге асыру» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Жетісу өңірінде 40 мың 409 көпбалалы отбасы 165 мың бала тәрбиелеп отыр. Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлының тапсырмасына сәйкес, жыл басында облыстың «Әлеуметтік картасы» дайындалып, бұл бағытта жергілікті бюджеттен 3,4 млрд. теңге бөлінді. Аталған қаржы төмендегі іс-шараларға бағытталады: - 7-20-25 бағдарламасы бойынша 1 млн.теңгеден тұрғын үй сертификаттары үшін барлығы 300 млн. теңге бөлінді. - Табиғи газға қосылу үшін аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына жеңілдетілген мүмкіндіктер қарастырылуда. Ол үшін жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлінген. Өткен жылы 238 мың адамға 10,5 млрд. теңге көлемінде әртүрлі көмектер көрсетілді. Сонд... |
Толығырақ... Оқылды: 394 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.05.2019 |
Жаз мезгілінде дұрыс тамақтану |
Жаз мезгілі жеміс-жидектердің, көкөністер мен бақша өнімдердің молшылығымен ерекшеленетін маусым. Бұл ретте ерте піскен көкөністер мен бақаш өнімдерін пайдалануда сақтық шараларын ескерген жөн. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы Қоғамдық Денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Марат Әділжанұлы мәлімдеді. Өнімді жақсы және тез арада жинау үшінкөп көлемде тыңайтқыштар қосылады,оның бірі азот қышқылының тұзы- нитраттар. Тыңайтқыштың аз мөлшері біздің организмге өз зиянын тигізбегенімен,бірақ олардың шектен тыс мөлшері топыраққа түскенде, өсімдіктегінитраттар саныбірден өсіп кетеді. Адам ағзасына түскен нитраттар тотығу процесстерінің нәтижесінде нитриттерге, яғни уға айналады. Бұл біздіңденсаулығымызғақауіпті проблема болып табылады. Нитриттер қан эритроциттеріне (метгемоглабин құра отырып) негативті әсер етеді, сондықтан оттегін тіндерге тасымалдау қабілетін қиындатады. Ал ол адам ағзасының оттегімен «тыныс а... |
Толығырақ... Оқылды: 403 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.05.2019 |
«Алтын таяқша» және «Кестелі орамал» байқауы өз мәресіне жетті |
Алматы облысында Бикен Римова атындағы драма театрда Мұқан Төлебаев атындағы V Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер, «Кестелі орамал» вокалистер байқауы өз мәресіне жетіп, салтанатты гала-концерт өтті. Дәстүрге айналған рухани шараны Алматы облысы әкімдігі, Алматы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды. Шараға екі аталым бойынша 52 вокалист,30 дирижер қатысып, 22 мамыр күнгі іріктеу турына 21 вокалист, 17 дирижер өткен болатын. 23 мамыр күні ақтық сынға 11 вокалист, 10 дирижербақтарын сынады. Осылайша, дирижерлар байқауы бойынша лауреат атанып, бас жүлдені Нұр-Сұлтан қаласынан келген Руслан Баймурзин жеңіп алды. Ал, вокал номинациясы бойынша қызылордалық дарын иесі Азат Мәліктің алдына түсер ешкім болған жоқ. Дирижерлер арасында арнайы жүлдемен (20 000 теңгені) Алматы облысынан Жексембаев Самат, Астана қаласынан Сарыбай Берік пен Атырау облысынан Джумашева Сая жеңіп алды. Дәл осы... |
Толығырақ... Оқылды: 396 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.05.2019 |
Іле ауданының құрылыс бөліміне тексеру жұмысы жүргізіліп, нәтижесі анықталды |
Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Іле ауданының құрылыс бөлімі» ММ-де сәйкестікті тексеру жүргізіліп, нәтижесі бойынша келесі бұзушылықтар анықталды. Құрылыс алаңын көрнекі тексеру кезінде, тек шұңқыр қазылып, ал жұмысты аяқтау актісі бойынша сатып алынған материалдар құрылыс алаңында жоқ екендігі анықталған. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 97 бабының 6 тармағының және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету» ережесінің 238,243 тармақтарының талаптарын бұза отырып, аудит объектісі «Байқоңыр» ЖШС-не құрылыс объектісі бойынша атқарылмаған жұмыстары үшін 49 413 970 теңге сомасында төлем жасаған. Осы негізде Қазақстан Републикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, «Іле ауданының құрылыс бөлім» ММ-не, «Байқоңыр» ЖШС-не (мердігер) және «Музтау» ЖШС – не (техбақыл... |
Толығырақ... Оқылды: 397 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.05.2019 |
Талдықорғандағы көп қабатты үй құрылысына тексеріс жүргізілді |
Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті " Талдықорған қаласы Абылайхан көшесіндегі төрт 2 қабатты тұрғын үйге жылумен жабдықтау желілерінің құрылысын жан жақты сараптап шықты. Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша бөлімде келесі бұзушылықтар анықталды: Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 97-бабының 6-тармағын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесінің 238,243-тармақтарын бұза отырып, бөліммен «Алматы облысы Талдықорған қаласының Абылайхан көшесіндегі төрт 2 қабатты тұрғын үйге жылумен жабдықтау желілерінің құрылысы» объектісі бойынша орындалмаған жұмыстар үшін 1 163,8 мың теңге төлем жүргізілген, аталған сома аудит жүргізу барысында мердігер тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау арқылы қалпына келтірілген. |
Толығырақ... Оқылды: 325 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.05.2019 |
Тәжірибе алмасу– іскерлікті жетілдіру |
Қант қызылшасы – Жетісу жерінің төл дақылы. Республика бойынша өндірілетін тәтті түбірдің едәуір көлемі біздің облысқа тиесілі. Бұл ретте елімізде тәтті түбір ең алғаш рет Талдықорған өңірінде өсірілгенін айта кету керек. 2019 жылдың 16 мамыр күні ауданымызға қант саласын дамыту барысында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында Павлодар облысының делегаттары жұмыс сапарымен келді. Олардың мақсаты қант қызылшасын өсірудің озық технологиясы, егістікті суару, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану, егіс алқаптарының көлемін ұлғайту – қант өндірісін дамытудың негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасу. Алдымен атбасын Көксу ауданы қант зауытына бұрды. Мекеме директоры Алтынбек Абатов қант қызылшасы будандары тұқымдары және ауыл шаруашылығы техникасы туралы толығымен таныстырды. Содан кейін қант қызылшасын себу, күту, жинау технологиясымен таныстыру жұмысын «Кең дала» ШҚ басшысы Қалибек Алпысбаев жалғастырды. Өңірімізге жұмыс сапарымен келге... |
Толығырақ... Оқылды: 503 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.05.2019 |
Алматы облысында «Алтын таяқша» дирижерлер және «Кестелі орамал» вокалистер байқауы басталды |
Талдықорғанда қазақтың көрнекті композиторы, КСРО халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұқан Төлебаев атындағы V Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер, «Кестелі орамал» вокалистер байқауы басталды. Артына бай мұра қалдырған алып тұлғаның құрметіне арналған кезекті шара Талдықорғанда жыл сайын өткізіліп келеді. Жалпы байқауға 50 вокалист пен 25 дирижер қатысуға ниет білдірген. Іріктеу кезеңіне жолдама алған 6 мемлекеттен 17 дирижер және 28 вокалист байқауда өз бақтарын сынайтын болады. Байқаудың негізі мақсаты- Қазақ өнерін дамыту. Қазақстан композиторларының шығармашылығын шыңдау және насихаттау, олардың тың туындылары арқылы өнер ұжымдарының репертуарларын толықтыру. Үміткерлер Мұқан Төлебаевтың шығармаларымен бірге шет ел классикасынан да өзі таңдаған туындыларды орындайды. Қатысушылардың дені облыстық филормонияларда еңбек етіп, үлкен сахнаға шығып жүрген кәсіби мамандар. Байқау 2 күнге созылады. Жеңімпаздар қорытынды күнгі гала-концертке қатыс... |
Толығырақ... Оқылды: 409 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.05.2019 |